Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Шаршадым, Мама, шаршадым

Шаршадым, Мама, шаршадым

Шаршадым, Мама, шаршадым

Шаршадым, Мама, шаршадым,

Иісіңді сенің аңсадым.

Жымиған жансыз бейнеңді,

Сыйпалап жатыр саусағым.

 

Ояншы, Мама, қымбаттым,

Сәбилік тілмен үн қаттым,

Қараңғы суық қабірде,

Тұрмастан тіпті көп жаттың.

 

Қара жер құшып сені жібермеді,

Балаң көңіл елеңдеп көп іздеді.

Ұқсап қалам кей сәтте өзіңе көп,

Сенің тәнің менімен егіз бе еді?!

 

Бүгін, міне, мен тағы өкпелімін,

Түсінікті болмас мұңым көпке менің.

Қымбат деген жандарды жанымдағы

Алып кеткер өмірді жек көремін.

 

Бірақ, мама, батыл қызың жеңілмейді,

Жылай берсін жас ағып көзім мейлі.

Аяғымнан шалсын, өмір құлатсын,

Батыл қызың қайта тұрар берілмейді.

 

Өзгенің мұңын келіп ағытсын кім,

Саған ғана арналар жақұт жырым.

Тәубе етем шын жүректен Ақ Аллама,

Алаңдама, ана, мен бақыттымын!!!

 

5468 13
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 08 наурыз 2012, 18:16
Пікірлер
+0
08 наурыз 2012, 21:01

Арайлым, өлеңіңізді оқып, ауыр күрсіндім(((( Аналар аман болсыншы! Құдай анадан баланы, баладан ананы айырмасын!

+0
09 наурыз 2012, 02:08

кешіріңіздер, ешкімнің көңілін түсіргім келмеді...жай ғана іштегі сағынышыммен сырласу еді

+0
09 наурыз 2012, 00:40

Өкінішті...

+0
09 наурыз 2012, 02:09

өкінішті бірақ тәуба!!!

+0
09 наурыз 2012, 08:24

Керемет жеткізіпсіз........әсерлі......

+0
09 наурыз 2012, 13:10

журектен шыкканды журекке жеткизсем арман бар ма?!

+0
09 наурыз 2012, 13:52

Арайлым.. тагдырымыз уксас екен.. мен мундай калымды озымде жиып кана журмын. олен жолдары шыныменде коптеген адамнын омырынен узынды гой.

+0
09 наурыз 2012, 13:56

иа, сіз мықты екенсіз, озіңізге ғана бәрін сыйдырып жүрсеңіз. Ал мен әлсізбін...

+0
09 наурыз 2012, 14:07

кеше де жұрттың көшеде, ТДда, инетте аналарын құттықтағанын көріп, жүрегім ауырды. "Алаңдама, ана, мен бақыттымын" .... плүсмильон!

+0
09 наурыз 2012, 14:28

Алланын колында гой бары, котере алмайтын жук бермейды Жаратушы...

+0
10 наурыз 2012, 20:11

жакындарымыз аман болсыншы!!!

+0
10 наурыз 2012, 22:02

Жақындарымыз жанымызда, сүйгендерімізге сүйікті бола білсек арман бар ма))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев