Сүтті таңдап аласыз ба?

Сүтті таңдап аласыз ба?
жеке
блог

Сүт – қазақ халқының негізгі тағамы.  Халық арасында,  сүтті « ақ» деп атап, байлықтың, тоқшылықтың нышаны ретінде санаған. Тіпті,   Науырыз мерекесінде  «Ақ мол болсын!» ,  Айт мерекесінде :«Айттарың құтты болсын, 

Сиырларың сүтті болсын!
Қора-қора қойың болсын, 
Керсен толы майың болсын!» деп,  тілекке де  қосып отырған. Қай жағынан қарасақ та сүттің пайдасы бар, соның ішінде жаңа сауылған сүттің адам ағзасына пайдасы  мол.  Бірақ, қала  тұрғындары майлылығы 100 % болатын  сүттерге қолдары жете бермейді. Себебі,  қалаға тек фабрика мен зауыттан шыққан сүттер  әкелінеді. Осы тұрғыда   «Қалада қай фабриканың тауарлары  сұранысқа ие?»  деген сауалға жауап іздегім келді.  Сондықтан, сауда орталығының сатушысы және жеке дүкен иесімен кездесіп,  осы сұрақ төңірегінде пікірін сұрадым. 



Арайлым, сауда орталығының қызметшісі, консультант-сатушы:
- Біздікі үлкен сауда орталығы болғандықтан тауарлар теңдей әкелінеді. Ал бағасы мен маңыздылығына қарай тұтынушы өзіне керекті, падайдалы тауарды таңдайды. «dep», « ПРОСТОКВАШИНО», «Айналайын», «Фудмастер»,  «Агропродукт», «Мумуния», «Любимое», «Одари»», «Зоркинг лук», «Lastel»,  «Домик в деревне»,  «Шадринское» сынды ірі фирма мен фабрикалардан шыққан  өнімдер  сөреде толып тұрады. Бағалары да әр түрлі, 150 теңгеден басталады да, маңыздылығына қарай өсіп отырады. Сонымен қатар, сүтті өнімдерден йогурт, ірімшік, тәттілер, сүзбе, қаймақ, айран, қоюлатынлған сүт,  құрттар тез өтіп кетеді. Тұтынушы санына қарай тауар саны артады. 
   
Сүт өнімдері:


Айдана, жеке кәсіпкер, дүкен иесі:
- Көрпесіне қарай көсілетін  халықпыз ғой, тауар таңдағанда сапасына емес, сананына көп мән береміз. Бағасы 300 теңгелік сүтке қарағанда   150 - 250 теңге аралығындағы сүттер ешқандай фирмасына қарамай көп өтеді.  Аптасына екі рет  дүкенге  20 литр  сүт пен 20 литр айран алдыртамыз.   Біздікі шағын дүкен болғандықтан мұнда сүт өнімдерінен тек қана айран мен қаймақ қана өтеді. Соның ішінде «Родина», «Одари», «Занченко К», «Фудмастардің»   тауарлары  дүкен сөресінде  таусылып қалады.  Сондықтан біз басқа фирманың, зауттың заттырн әкелмейміз.  Ал  құрт, ірімшік,  сүзбе сынды сүттен жасалатын басқа тағамдарды алдыртпаймыз. Себебі, сұраныс  жоқ. 
 
Негізі қандай да бір зат алатын кезде оның бағасына емес сапасына, құрамы мен құнарлылығына мән берген жөн.Мен солай істеймін. Ал, сіз дүкеннен сүтті қалай таңдайсыз?