ХХІ ғасырдың ең ірі апаттарының бірі
жеке
блог

ХХІ ғасырдың ең ірі апаттарының бірі

Инчхоннан Чеджудо курорттық аралы беттеген паром суға батты. Кемеде бас-аяғы 470 адам болған, оның ішінде 320сы оқушылар. Ақпарат көздері әр түрлі мағұлматтар беруде, бірі барлығы аман-есен құтқарылды десе, бірі суға кеткен адамдардың есімдерін жариялап жатыр.

"Қазіргі кезде 110 адам құтқарылды. Құтқару жұмыстарына 18 вертолет, 34 кеме, 25 катер жұмылдырылды. Зардап шекеендерді жақын арадағы портқа жөнелтіп жатырмыз" деп хабарлады Оңт. Кореяның қорғаныс вице-министрі Ли Геёнгонг

 

1

 

60 жасар паромның капитаны Ли Чжун Сок кемедегілерге орындарыңда қалыңдар, 10 минуттан соң көмек келеді деп, өзі бірінші болып кемеден құтылып шыққан. Тірі қалғандардың айтуы бойынша, оларға апат жағдайы ертерек ескертілгенде, өздерін құтқара алатын едік дейді. Тілшілер оны тауып алғаннан кейін, ол бетін жасырып "Мен өкінемін және қатты ұяламын. Не айтарымды да білмеймін" деп жауап беріпті.

1

 

Барлығына "қозғалмаңдар" деп бұйрық беріп, өзі бірінші болып кемеден құтылып шыққан кеме капитаны.

2

 

Тірі қалғандар: "Бізге кемеден шықпауды бұйырды. Кемеден сәл ертерек шыққанымызда, көбісі теңізге секіріп болса да, аман қалар еді".

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Теңіздегі судың температурасы -17 градус болған. Жарты ақ сағатта адамдарды үсікке шалдыратын температура. Кеме батқан жердегі тереңдік 37 метр болған.

Кемені 25 жастағы штурман әйел жүргізіпті. Флоттағы жұмыс тәжірибесі 1 жыл. Ол басқару рулін тым қатты бұрып жібергенге ұқсайды.

Апатқа тым кеш көңіл бөлгендіктен дау-жанжал ұшқындап жатыр. Кеме 16 сәуірде таңғы сағат 7:40-та сыр бере бастаған. Ал хабар сағат 8:58-де жеткен. Соған қарағанда олар осы уақыт аралығында барлығын өз күштерімен жөндегісі келген. Жергілікті балықшылар мұны растап отыр. Өйткені олар сол уақытта кеменің басқаша бағытты келе жатқанын байқаған.

 

Донван мектебінің оқушыларына арналған үй тапсырмасы:
Қандай жағдай болмасын, аман-есен оралу. Тірі қалу.

 

1

(Донван мектебі оқушыларын осы кемемен  саяхаттауды ұйымдастырған)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 жасар ағасы 5 жасар кішкентай қарындасын құтқарып қалды. Дәл қазір ол ата-анасымен бірге із-түссіз жоғалғандардың тізімінде.Ал кішкене қыз медбикелердің айтуынша еш нәрсе ішпей, тек ағасы мен әке-шешесін сұрай беретін көрінеді.

2

2

Чон Ча Вун есімді бұл жігіт өз сыныптастары мен мұғалімін құтқарып, қайтыс болған.

1

 

2  Пак Чжи Ен есімді мына қыз анасы мен сіңлісін құтқару үшін өз құтқару киімін берген. Соңына дейін басқа адамдарға көмектескен ол апатта қайтыс болды.

 

 

12

 

 

Кеме батып бара жатқанда балалар хабарлама жазып жіберген көрінеді.

"Өтінемін құтқарыңыздаршы. Асхананың жанында 6 адамбыз. Телефон жұмыс істемейді, әйнектің сынғанын естіп жатырмыз. Ештеңе көрінбейді. Асханада адам көп, Өтінемін, бізді тезірек құтқара көріңіздер."



"-Нуна, кемеге бірдеңе болды.
- Нені айтасың?
- Соққының дауысы. Нуна сені жақсы көремін.Саған жаман қарағаным үшін кешірім сұраймын.Өтінемін, анама да айтшы. Оны да жақсы көремін.
- Не айтып отырсың? Тұтқаны көтер.
- Телефон жұмыс істемейді. Мен әкеме барамын".



"Біреуді ренжіткен болсам, кешірім сұраймын".



"Мама, алдағы уақытта мұны саған айта алмайтын сияқтымын. Сондықтан қазір айтамын: Сені жақсы көремін".

 

 

15 сәуір.2014 - "Севоль" кемесі
15 сәуір.1912 - "Титаник" кемесі

1

 

 

Мәліметтер http://vk.com/kpoptownkz  тобынан алынған