Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!
жеке
блог

Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!

                                  Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте!

Ағылшын тілі 21 ғасырдың тілі. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады.«Тегінде адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен» озады деген ұлы ақын Абай сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Сондықтан болар, білім беру жүйесіне үш тұғырлы тіл саясаты енгізілді.Яғни қазақ,орыс және ағылшын тілі. Қазақ елін әлем­дегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде таны­туымыз турасында мемле­кеттік тіл – қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілі мен жаһандық экономикаға табыс­ты кірігу тілі – ағылшын тілі бо­лып бекітілді.  Осы ретте көптілділік деп жүргенде өз тілімізді соның бірі ретінде қолданып қалмаймыз ба деген ой туындауы әбден мүмкін. Бірақ, бұған жауап:

Елбасы бір топ қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен ұлттық жаңғыру және халқымыздың бәсекеге қабілеттілігі аясындағы келелі кездесуінде « Тілдің үш тұғырлылығы» бағдарламасына, мемлекеттік тіл мәселесіне кеңінен тоқталып өтті. Мемлекет басшысы: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Және оған қамқорлықта сондай дәрежеде болады»,-деп сендірді.

Көптілділік — заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.Демек ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз.  Орыс тілі арқылы қосымша білім алып, дүниетанымын байытып, араласатын ортасын кеңейтіп, іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан бұл жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы – көптілділік.  Шетелдіктердің арасында біліктілігімен, сауаттылығымен суырылып алға шығу үшін де тіл білу маңызды. 

Ағылшын тілі – әлемдік деңгейдегі диалогтың, сауда экономикалық әріптес­тіктің, түрлі технология мен инновация­ның, былайша айтқанда жер бетіндегі жеті миллиард адамды тарының қауызына сый­дырып жіберген бүгінгі жаһандану заманының қарым-қатынас орнату, ақпа­рат алмасу құралына айналып отыр. Ендеше, біздің елдің де әлемдік үрдістен шет қал­май, соның ыңғайына қарай бейімделіп жатқаны алысты болжай білгендігінен деп ойлаймыз. Оның үстіне оқу бағдарлама­сын­дағы өзгерістер еліміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай келетінін  айта кету керек.Көптілділік – бүгінгі заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр қилы әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің күллі ерекшеліктерін, барша құндылықтарын сезінуге болар еді.Қашан да игі істің басы – тіл. Қай заманда да тіл – елшінің алмас семсер-құралы. Ендеше, адамның құты – тілден басталады.