жеке
блог

Перваш пен старшактың айтысы

Перваш пен старшак

Пер: Мен сені «қарыным» аш дегізбедім, 
Естілмей қойды ау жақсы лебіздерің. 
Приветіме ответің болмаса да, 
Братан, түнгі төртте неге іздедің? 
Ст: Қуанып кеттім інім сен келгенде, 
Таппадым талай іздеп бөлмеңнен де. 
Сені іздедім тексеріп телефонды, 
Счетынан баланстың нөл көргенде. 

Пер: Бүгін тағы болдым ғой көз ілмейтін, 
Тәтті ұйқының кайфын сезінбейтін. 
Аяқасты проблема туындаса, 
Болдыңдар постоянно мені іздейтін. 

Ст: Иә, дұрыс жағдайыңды түсінемін, 
Сен де түсін, түнімен ішіп едім. 
Іздегенде бөлмеңнен табылмадың, 
Енді сені балконнан түсіремін. 

Пер: Братан, екіленіп егестің ғой, 
Сен де мендей сан удар жеп өстің ғой. 
Күні-түні істейтін магазиндей, 
Ағасы, круглосуточный емеспін ғой. 

Ст: Мен мұндай «тормоздарды» жек көремін, 
Ешкімнің қаламаймын «нет» дегенін. 
Түн ұйқысын анаңның төрт бөлуші ең, 
Енді сенің ұйқыңды төрт бөлемін. 

Пер: Сені де біраз перваш жек көреді, 
Бірақ сырттай «мақұл» деп серт береді. 
Старшак боп жүргенің аз болғандай, 
Енді «мама» болуың жетпеп еді. 

Ст: Сен өзі перваш болдың минусы көп, 
Косинустың кетпегін синусы боп. 
Сен тіл алмай қойғанда анаң келіп, 
Жағыңнан міне былай ұрушы ма ед? 

Вахтерша тарсылды естіп баратады, 
Екеуін жөнге салып, таратады. 
Общактағы «боевик» кинодан соң, 
Күннің де «конеці» боп таң атады. 

Түйін:
 
Күнде осылай общакта боевик болса, 
Ұйқы болмас түнімен вахтада ұдай. 
Сауысқандай миы жоқ старшак пен 
Пәтуасыз перваштардан сақта Құдай!!! 

Старшак - Олжас ҚАСЫМ, 
Перваш - Бағашар АРЫҚБАЙ

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі