Ғашықтар күніне...

Ғашықтар күніне...
жеке
блог

 

Мен үшін...  Әр күнім махаббат мейрамы сынды.  Құдайдың берген күндерінің жаманы жоқ деп білем... Махаббат та, ғашықтық та айтсақ алты айда, жазсақ жүз жылда бітіре алмайтын әдемі тақырып.  Сол үшін шығар... Арнайы бір күнді ғашықтар күні деп атауды онша құп көрмейтінім. Әрине...  Бұл менің жеке пікірм. Себебі мен күнде ғашықпын... Гүлге, сосын қызға...  Барша қызға емес,барша қызды ұмыттырған бір қызға... Толассыз...  Тоқтаусыз... Сол күннен, осы күнге дейін.  

Қызыл орамалын жамылып кезекті отырысымызға тосыннан келген торы қыз...  Есімде.  Асқақтаған әуендер, күмбірлеген күйлер, оқылған жырлар, айтылған әдемі әзілдер...  Соңынан сыр бермей, суретін де қалдырмай кеткені...  Есімде. 

Сол желтоқсанда...  Сол залдың көрермендерін жасқа жуындырып Ләззәттің рөлін сомдаған сұлу қыз... Жан жүрегіңді езіп, ескінің естелігін еске салған әдемі қойылым. Сол қыз...  Сол Мен.  Қойылым біте құшақтай алып бетінен сүйгем... Сол отырыста үндемей кеткен мұңды қыз.

Жанымдағы досыма...  -Мына қызды мамама ұқсаттым дегем. "Ғашық болып қалғансың!"

....Қолыма тиген телефон нөмірін тере бастағаным есімде...  "Сәлем!" 

Содан кейінгі әдемі әңгіме...  Әлеуметтік желілердегі тартымды өрілген тақырыптар. Кеш батқан сәтте көше шамдарынын қымсынып қолынан ұстай алмаған ұялшақ жігіт. "Сіз" деп сыңғырлаған әсем дауыс... Аңдамаған сәтіңде бетіңнен сүйіп бір ауыз үн қатпастан үйіне асыға жүгіретін асыл ару...  

Өз сезімін айтуға асықпайтын өзімшіл-Мен... Кездескенде хал сұрауға асықпайтын тәкәппар-Ол... Жанарымыз түйіссе жанымызды түсінетін, жақсы көретін... Хабарсыз кетсек іздейтін, есімімізді атамай "сіз" дейтін-Біз. 

Мен шырт ұйқыда жатқанда телефоныма келетін жалғыз ауыз смс-"қайырлы түн!"  Ол ұйқыда жатқанда електронды поштасына жазылған хаттар... Телефонда да дым деп үн қатпай, тек тынысымзды тыңдап көз ілетін ғажап түндер...

Ақыры...  Аяқсыз қалған әппақ махаббат. Соңғы рет құшақтағаным... 

"Мен ол қызбен тағы да кездесейінші... Дым айтпасақта үнсіз тұрайық. Қалаған сәтінде кері бұрылып кете берсін... Тәкәппарлығын тағы бір дәлелдеп кетсін. Мен бұлқан-талқан жыр жазайын кеп... Тағы да. Сол жайлы...  Сөйтейінші..."

Мен ғашық болған үш жыл... Менің періште сынды көкте ұшқан үш жылым. Үзілмесінші... 

Егер...  Сол жерде жүрген сол қызды көрсеңіздер менен сәлем айтыңыздаршы... Сағындым!