Үйіңіздегі әдемі, әрі шипалы гүлді білесіз бе?

Үйіңіздегі   әдемі,  әрі  шипалы  гүлді білесіз бе?
жеке
блог

            

          Піл   құлағы  (Alocasia)  гүлінің   әдемілігі  - жалпақ  жапырағында. Жапырағының көлемді   болуына   байланысты  гүл   «піл   құлағы»  деп  аталады. Сонымен   қатар, жаңбыр    жауар   алдында   піл   құлағының  жапырағынан  тамшы  тамады, осы  қасиетіне  орай   гүлді  «жылауық», «ауа райын болжағыш» деп  те  атайды.

           Гүл  фитостерол,  темір,  никель,  хром,  мыс  т.б. көптеген   макроэлемент   пен   дәруменге  бай.  Биологиялық   белсенді   заттардың   құрамында көп болуы әр түрлі инфекциялық  ауруларға  төтеп   бере  алатындығынан  көрінеді.

            Ғалымдар   өсімдікті   ғылыми  тұрғыдан  зерттеу барысында  гүлдің жөтел,   мастопатия,  ревматизм,  денедегі   түрлі   жараға    сондай-ақ,  аллергия,  қабыну   мен   ісікке   және   асқазан   аулуларына  қарсы  ем  екендігін   дәлелденген.


           Ескерту! Піл  құлағы  улы. Сондықтан,  емді  дәрігердің  кеңесіне  сүйене   отырып    қабылдаған   дұрыс. Сонымен  қатар,  өсімдікті  емдік мақсатта   пайдаланамын   десеңіз, өсімдікті  өсірген  кезде  оны  табиғи  органикалық   заттармен  қоректендіргеніңіз  жөн.

          Гүл  бөлмеге   жағымды   энергия бөліп, адамды мазасыздықтан  арылтады-мыс.

          Өсімдік  өте  сезімтал, адамға   жайлылық сыйлап, сабырлыққа  шақыратын   қасиетке  ие  көрінеді. 


          Піл  құлағының  күтімі  және  дәрі жасау жолдары  жайлы жан-жақты білгіңіз келсе, журналдың  №1 қаңтар 2012 жылғы нөмірін   алуға болады.