"Жиі хабарласып тұр, ертең күні хабараласар жан таппай қаласын..."
жеке
блог

"Жиі хабарласып тұр, ертең күні хабараласар жан таппай қаласын..."

    Бір күні кешкілік уақытта ұялы телефоныма досым балам хабарласты, жағдай сұрасып болған соң "Марал, анаңның жағдайы қалай?" деді, "Жақсы, бірақ меніңде хабарласпағаныма 2 - 3 күн болды" деген едім "Жиі хабарласып тұр, ертен күні жағдайын сұрайтын жан таппай қаласың..." деді. Осы сөз санамда қатты сақталды... Телефонды қоя салысымен анама бірден хабарластым. Бірақ өшірулі, әкеме хабарластым олда сөндірулі. Бауырларыма хабарлассам үйде емеспіз деді. Жан дүниемде алай - дүлей болып жатты. Санама сан - түрлі ойлар келіп, шыныменде уақыт өте келе дал осылай іздеп отыратын, еркелейтін адам таппай қаламын ба деген қорқынышты ойлар кетпей қойды. Осы уақытқа дейін мұндай қимастық ойлар санама келмепті. Қайта - қайта тынымсыз хабарластым, " телефон сөндірулі" деген сөзді естіген сайын жүрегім бір түрлі ауыра бастады. Неге екенін білмеймін әкем мен анама еркелеп айтқан сөздерім, ренжіткендерім, тыңдамай бұлданғандарым барлығы көз алдымнан өтті. Көздерімнен әттеген -ай деген жас тамды. (Әрине, балалық шақ қателіксіз өтпейді) Бөлмемде отыра алмадым. Асыл жандарымнынң ыстық құшағы қатты аңсатты. Кеш батып кетседе бір Алла жар болар дедімде жолға шығып кеттім. Кештің соңы түнге ауғанда үйге жеттім. Есікті аттай салысымен "Папа, мама!" деп қатты айқайлап жіберіппін екеуі алдыман бір нарсе болып қалдыма деп зәрелері қалмай шықты, екеуінің күненде шуақты жүздерін көріп, ыстық құшақтарына кірген соң ғана барлық қорқынышым басылды. 

  Дүниедегі ең бақытты сәт әкеңнің маңдайдан сипап, анаңның алтын алақанын қысқан сәт екен... Демек мен бақыттымын!