Тар болды Әмірханға әлем әттең...

Тар болды Әмірханға әлем әттең...
жеке
блог

Тар болды Әмірханға әлем әттең...

 

О, өмір! Кеудең кербез ғаламат кең,

Кеңдікті сүйгендерді бағалап па ең?

Өлеңнің көтере алмай кеңістігін,

Тар болды Әмірханға әлем әттең...

 

Ақын ең әділдікті ар тұтатын,

Аузыңда сөз қаймағын қалқытатын.

Тегіңмен тартып жүріп жүректерді,

Әдетің бар екен ғой балқытатын.

 

Тәлкекті тағдырыңнан тартып аға,

Кеттің бе бізге үміт артып аға.

Өлмейсің, өлмес-атың, бірақ әттең...

Келмейсің енді бізбен Марковаға...

 

Періштең пейіліңді кеш көріп пе?!

Туғанда әлде Құдай ескеріппе...

Ескірген суртеңді қолға ұстатып,

Айналып кете бардың естелікке...

 

Сүйегің қойнауында Шардараның,

Тоқсанның тең жартысын қанға малдың.

Төре боп қалар жан ең қасымызда,

Төбе боп жел үрлесе шаңға қалдың.

 

10.04.2014

 

 

Марғұлан Ақан