Менің Массагеттегі ең алғашқы жазбам "Ең, ең, ең" деген эстафетамен басталды!
Сонымен осы жылды қорытындылап шығайын:Мен үшін -Жылдың ең үздік сайты: on.kz., Жылдың ең үздік жобасы: massaget.kz. Айна тв.
Жылдың ең үздік жаңалығы : Метроның ашылуы.Жылдың ең үздік әсерлі кітабы: "Қызыл жебе"
Жылдың ең үздік тілегі: Асыл жар, аяулы ана бол!
Жылдың ең үздік теңеуі: Аққудай сұлу, бриллианттай тартымды әрі мөп-мөлдір.Жылдың ең үздік сөздері: Сен бар бақытқа толық лайықсын, Сен біздің үйдің гүлісің!Жылдың ең үздік гүлдері: Ақ және алқызыл түсті раушан гүлі мен қызыл қызғалдақ.Жылдың ең үздік күндері: Көктемнің жайма-шуақ күні мен күздің сырға толы түні.Жылдың ең үздік уайымы: Бауырымның болашақ өміріне алаңдау (қатты ауырады).Жылдың ең үздік қорқынышы: Мен туралы басқалар жаман ойлап қалмады ма екен?Жылдың ең үздік қуанышы: Басқалар қызығатын белсенді ұжымда жүмыс істеймін.Жылдың ең үздік көңілге тиген сөзі: Өліп бара жатырсың ба?Жылдың ең үздік өзіме ақталуым: Менде ешқандай да белгілі бір мақсат болған жоқ.Жылдың ең үздік түйген бір ойым: Біреулер басқаша түсініп қалатын істі жасамау!Жылдың ең үздік өкініші: Ұжымдық жаңа-жыл кешінде бір өзім түскен сурет жоқ:)Жылдың ең үздік афоризмі: "Өмір ертегі емес, Ертегі өмір емес". Жылдың ең үздік тұжырымы: Мен ертегіге сенемін! Бір ғажайыпты күтемін!
Эстфета таяқшасын: Анараға беремін!
Бізге әлеуметтік желілерде де қосыл
Instagram Вконтакте Facebook Twitter