«Аялаған Астана» 2014 поп-музыка жанрында ән шырқайтын Республикалық балалар байқауының ережесі

«Аялаған Астана» 2014 поп-музыка жанрында ән шырқайтын Республикалық балалар байқауының ережесі
жеке
блог

     «Аялаған Астана» - Астана әкімдігінің қолдауымен, еліміздің жас дарын иелеріне өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік береді. Алғаш рет поп-әншілерге арналған республикалық байқау 2013 жылы өткізілді.

       «Аялаған Астана» - болашақта еліміз мақтан тұтатын дарынды жас әншілерді тәрбиелеуге арналған  балалар байқауы. Жоба мақсаты – республика бойынша өнерлі жас жеткіншектерді анықтап,  олардың ары қарай шығармашылық қабілеттерінің дамуына, өсуіне үлес қосу.

      Жоба ерекшелігі – үлкен масштабта еліміздің түкпір-түкпірінен дарын иелерін іздеу.  Іріктеуге қалалардан бөлек, аудан, ауыл тұрғындары қатыса алады. Байқау ұйымдастырушылары қатысуға тілек білдірген кез-келген қатысушыға өз өнерін көрсетуге жағдай жасамақ.    Байқауға 8-12 жас аралығындағы өнерпаздар қатыса алады.

       «Аялаған Астана»  Республикалық балалар байқауы 3 кезеңнен тұрады: республика бойынша іріктеу, жартылай финал, финал. Финал 2014 жылдың 4-6 шілделерінде Астана қаласының туған күні қарсаңында өтеді. Әділ қазылар алқасы соңғы нәтижелерін шығарады. Жеңімпазға арнайы ақшалай жүлде 1 млн теңге (өз өнерін ары қарай дамытуға), ал ең бастысы өзі өнерінің арқасында «Детская Новая Волна» Халықаралық ән байқауында  Қазақстан атынан қатысу мүмкіндігіне ие болады