Келем(ін) деші...

Келем(ін) деші...
жеке
блог

    Көңілдегі қаяу мұң.  Жүректің  жазылар жарасы.  Уақыттың алдамшы дәрі-дәрмегі.  Бәрі бекер.  

 Сен кеткелі жанарымды  мұң  мекен  етті, жанымның гүлге оранған бақшасы жайқалуды бәсеңдетті,  әнге оранған сазды мекен жоқтауын зарлатып жатты.

  Сағынбайсың ба???

  Менің  төзімімді жеген осы құрғыр сағыныш қой.

  Сағындым......

 Сағындым.   « Жапалағым»деген сөзіңді.  Әлемнің бар жылуына бергісіз құшағыңды. Жер шарындағы күллі мұхиттан терең, тұнық көздеріңді.  Сағындым....  Хантәңірі шыңындай  салқындығыңды, таза ауасындай мөлдір иісіңді.

Кездесейікші. Кетейікші.

Есіңде ғой,  оң аяқпен  аттаған  ақ үйде, ақ төсекте менімен көрші боламын дегенің.

Қайдасың?!

Келемін деші..

Күтейін... Төзімімді құм шалғанша, жанарымды бір уыс топырақ келіп жапқанынша күтейінші. Тек өзің мен жүрген ауылға ат басын бұруды ұмыт қалдырма.