Мөлдір күмбез – мінсіз шешім бе, әлде?

Мөлдір күмбез – мінсіз шешім бе, әлде?
жеке
блог

Мөлдір күмбез

Ауа температурасының, күрт өзгеруі қапырық, өрт, дауыл, жаңбыр адамдарды әрдайым мазалауда. Ауа райынын салдарымен күресу үшін жыл сайын миллиардтаған ақша кетуде. Ғалымдар үлкен және кіші қалаларды қорғау жолдарын іздеуде. Бұл дүниежүзілік проблеманы шешу жолын табуға біздің жерлестеріміз де ат салысуда. Мөлдір күмбез – мінсіз шешім болып табылады! Астананың архитекторы Евгений Невеличков сол жағажайды үлкен мөлдір күмбезбен қоршауға ұсыныс жасады Фторпластиктан жасалған бұл қақпақ ауа райы ауытқуларынан сақтайды деп ойластырылғын.

Бұл құрылыс миллиард долларға бағаланған. Дегенмен Астананың тұрңындары бұл ұсынысқа сенімсіз қарап колдау көрсетпеді. Артықшылықтарын айта кетсек:

—  Күмбезді қарапайым және жеңіл материалдардан жасауға болады. Қаңқа ретінде қырлы бөренелер метал өзектер пластмасс трубалар бола алады. Олар біркелкі ұзындықпен бір біріне белгілі бір бұрышта қосылған. Қосу үшін әдейі коннекторлар қолданылған.

—  Ғимараттын не үшін салынғанына қарай қаптама ретінде жұмсақ черепица, вагонка, поликарбонат қолдануға болады

Кемшіліктері:

—  Геодезиялық күмбезбен Монреальдағы көрменің ғимараты қоршалған. Ауа вентиляциясы болмағандықтан монреальдағы үйлер терезелерін алдырып тастаған. Айша Бибі құрылысын да күмбезбен қоршағантын бірақ плиталары көгеріп құлай бастағаннан кейін күмбез алынып тасталған. Кәдімгі ауа болмағандықтан күмбез астынды жақсы ауа алмастыру техникасы болу керек! Бірақ бұл техника өте қымбат және экология жағынын сенімсіз болып келеді.

Екіншіден күмбез қауіпсіз:

—  Астаның қысы қарлы және аязды. Шатырға түскен қарды әрдайым алып отыру керек болады. Дегенмен бұл жобаға көшелерді тазалау мен реагенттерді себуден арзан ақша жұмсалады.

—  Кейбіреулері бұл күмбез террористтерге жем болу қаупі бар деген шешімге келді. Газбен уландырса қала тұрғындары түгелімен қырылуы мүмкін.

Сол себепті, дарынды архитектор Лейла Рахимжанова қолайлы және дұрыс шешім ретінде төмендегідей ұсыныс ойластырылды:

—  Қала салуда оңай құрылыс қағидалары бар. Оған суйене отырсақ улкен ұзын үйлерді желге қарсы орналастырып салуға баолмайды, Себебі қарсы орналасқан үй жел ағымын күшейтіп кіші дауыл пайда болуына себептес болады. Желді бәсендету үшін жел үйлердің арасымен оңай өтуі керек. Сол себепті үй саларда аркаларды қолдану жақсы шешім болып табылады.

—  Алғашында Астана салынарда қоршаған ортанын ауа райы өзгерістері қарастырылмады. Сол себепті қала ішінде жел салдырынан өте суық. Орта ғасыр құрылысшыларына қарасақ қазір уй саларда жарайтын пайдалы мағлұмат алуға болады. Кәзіргі біздегідей сол кезде де ауа райымен күресу жолдары болған. Мәселен Отырардын құрылысына қарайтын болсақ көшелердің тар және қисық болып келетінін аңғаруға болады. Бұл ерекшеліктің арқасында қатты жел көше бойымен өте келе жеңілдеп мүлде сезілмейді.

Дегенмен Астаның құрылысы басталып кеткендіктен қазір өзгеріс енгізу қиын бірақ мүмкін.

Рахимжанова Лейла Шаймерденовна кезінде Мәскеуде архитектура институтын бітіріп шыққан. Кейін 15 жылдай шетелде, Канада және АҚШ та проект менеджер, архитектор болып жұмыс істеген. 2005 жылы Қазақстанға оралып, қазіргі таңда елімізде бар архитектуралық мәселелерді шешуде өз ойларымен бөлісуде.

Л.Рахимжанованың ұсынысы бойынша сәндік архитектуралық формаларды қолдана отырып бұл мәселені шешуге болады.  Сәндік формалар бір жағынан желді кесіп өтеді, солайша желдің күшін бәсеңдетеді. Екіншіден желден энергия алуға мүмкіндік жасайды.