Көктемнің алғашқы мейрамы!

Көктемнің алғашқы мейрамы!
жеке
блог

Аяулы әпкелер, жаны жайсаң жеңгелер, наз қылықты құрбыларым менің!

Төрт мезгілдің төресі ерке көктемнің ең көркем мейрамы 8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамы құтты болсын!

Арайлап атқан әрбір таң әрқайсысымыздың кеудемізге бақыт шуағынтөксін!

Құшағымыз гүлге, жүрегіміз нұрға, көңіліміз қуанышқа, босағамыз берекеге толы болсын!

Шаңырағымызда шаттық шашуы шашылып,

керегемізде кербез күйі шырқалсын!

Ізгі ниетпен, Ғазиза Ұзақ