Қазір адамгершіліктің қажеті бар ма?
жеке
блог

Қазір адамгершіліктің қажеті бар ма?

Кейбір адамдардың айтуы бойынша, қазіргі заманда табысқа жету үшін адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік, ізгілік қасиеттерін көрсетпеу жөн. Сіздің  көзқарасыңыз?

Қазiргi заманда бақыт, табысқа жетудiң оңай жолы жоқ. Бәлкiм, осылай бұрын да болса керек. Әсiресе, бизнес саласында шынайы табысқа жету үшiн кейде адамгершiлiк, iзеттiлiк қасиеттерiн ұмытуға да тура келедi. Алайда, бақыт тек қана табыспен шектелмейтiнiн ұмыпайық. Сонымен қатар, мақсаттарына жетерде адам болып қалу керек. Берiлген сұраққа нақты жауап бере алмағандықтан екi жағын да талдап көрсетелiк. Екеуiмен де келiсетiн жауап көзқарас пайда болатын сияқты.

Бiрiншiсi, адамгершiлiк, iзеттiлiк пен қайырымдылық принциптерiмен өмiр сүру. Онда адам рухани жағынан бай болып, қоршаған ортасына көмек беріп, сырттағыларды көп ойлау. Кiшкене альтруизм сипатында iстер жасау. Осы жолды таңдаған дүние жүзi тарихында белгiлi адамдар өте көп. Солардың арасында, Ганди, Мартин Лютер Кинг, Мохаммад Махатхир. Осы азаматтар, қоғамды жақсы жаққа өзгерткісі келіп, тарихта iзеттiлiк, адамгершiлiктің символы ретiнде сақталған.

  • Жақсы жағы: сенi қоршаған адамдар сен туралы жақсы ойда, қатынас жасауға дайын, кейде көмектесуге де дайын.
  • Жаман жағы: жеке бас қажеттiлiктерiн маңызды емес деп санап, кейде өзiне зақым келтiруi.

Екіншісі, адамгершiлiк, iзеттiлiктi шетке ұстатып, тек табысқа ұмтылу, тек жеке мақсаттарға жетудi көздеу. Осындай жолды да таңдаған тарихта мысалдар жеткiлiктi. Соңғы және танымалдарының бiрден-бірілері: Стив Джобс пен Марк Цукерберг. Биографияларынан оқығанынан-ақ, олар табысқа жетудiң барлық жолдарын iзденiп, кейде мейiрiмсiз әрекеттерге толы өмiрi туралы айтылады. Алайда, екеуi де соңында мақсаттарына жетiп, мультимиллиардер болды.

  • Жақсы жағы: армандарын өмiрге әкелдi, табысқа жеттi. Сондай-ақ, қоғамға инновация әкелiп, салаларының дамуына үлкен үрдiс бердi.
  • Жаман жағы: қоршаған жақын адамдардың көңiлiн жоғалтып, достарынан, жақындарынан айырылды.

Қорытындылай келсек, табысқа жетудiң тек осылардың бiр ғана жолын таңдап, дұрыс бұрысын атауға болмайтын сияқты. Менің ойымша, үшіншісі де болса керек. Дәлірек айтқанда, жеке мақсаттарына жете отырып, адамдарға, ізетті, мейірімді және қайырымды болып қалу. Сонда, адамдардың шың бақыт ұясына паналайтынына күмән жоқ.

 

Қосылу:

Twitter

Facebook

Оригинал:

Қазір адамгершіліктің қажеті бар ма?