Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Гүл жайнаған "массагеттік" арулар!

Гүл жайнаған "массагеттік" арулар!

Гүл жайнаған

Жас жігіттің жүрегін жылытатын хас сұлулар мейрамы құтты болсын!

"Массагеттер" аруы арман болған,
Ғасырлардың қойнауы сырға толған,
Сақ қыздары сендерді кім сағынбас?
Ажарымен, ақылмен болған қорған... 

 

Замананың толқыны толқытады,

Нар жігітті арлы ару зор тұтады. 

Сыңғыр күлкі сыйлаған сақ аруы

Күмбір-күмбір қуаныш шалқытады.

 

Мейірімге шүпілдеп толған мейрам, 

Жақсылықты жаһандық жанға жиған.

Қыз-келіншек - қызғалдақ құлпыратын

Жүрегіне жұмақ-жер түгел сыйған.

 

Қазағымның қыздары - қаракөзім,

Жүрегімде сақталды дара сезім,

Жанарынан жадау жан жылынатын

Аруларды ардақтар келді кезім...

Арман ӘУБӘКІР

0
Рейтинг: +0

Автор: Arman Aubakr
Жазылған уақыты: 07 наурыз 2012, 12:01
Тегтер: Жас жігіттің жүрегін жылытатын хас сұлулар мейрамы құтты болсын! Массагеттер аруы арман болған, ғасырлардың қойнауы сырға толған, сақ қыздары сендерді кім сағынбас? Ажарымен, ақылмен болған қорған...

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.