Әлемге аты әйгілі әйелдер...(менен де бір пост)

Әлемге аты әйгілі әйелдер...(менен де бір пост)
жеке
блог

 

Әйелдер деген - керемет жаратылыс.... Біреуді қарғағың келсе әйелсіз бол деп қарғау... қарғыстың ең үлкендерінің тізімін толықтырып тұр...Әлемде таңдай қақтырар таңғажайып нәзік жандылар өте көп. Сондай әйелдер бүгінде гиннестің рекордтар кітабын да толықтырып тұр. Мәселен, үндістандық Йоти әлемдегі ең аласа әйел екен.  Оның бойы 62 см

.

Ал, әл емдегі ең ұзын әйел тайландтық Мали Дуангди. Малидің бойы 2 метр, 8 см. Салмағы 130 келі тартады. Қызығы, Малидің ешқашан сүйген жігіті болмапты, тіпті, ешқашан тұрмысқа шығамын деп ойламаймын дейді Майли.

Ал, 55 жастағы қытайлық Ни Линмей 14 жыл ішінде шашын 2,5 метрге дейін өсіріпті. Қазір Ни Линмей 2 баланың анасы. Ұзын шашын тарауға көп уақыт кетсе де, қырықпайтынын айтады.

Тағы бір таңдай қақтырарлық оқиға. Федор Васильев атты шаруаның әйелі 40 жылдың ішінде 27 рет бала туыпты. Яғни, осы уақыт ішінде 69 бала сүйіпті. Бір қызығы, 16 егізі, 7 үшемі, 4 төртемі болған.

 

Ал шотландтық Элейн Дэвидсон әлемдегі денесінде темір салпыншақтары ең көп әйел. Қазір оның тұла бойында 6005 темір әшекей бар екен. Ең қызығы, Элейн осы қалпымен-ақ тұрмысқа шығып үлгеріпті.

Ал, әлемдегі салмағы ең ауыр әйел ретінде Гиннестің рекорд кітабына Поулино Поттер енді. Оның салмағы 291,65 келі. 


Ал, америкалық Вивиан Вилер тіпті ерекше әйел. Оның сақалының ұзындығы 28 см. Вивианға сақал 7 жасынан бастап шыға бастапты. Бүгінде 3 баланың анасы өз нәпақасын түрлі телебағдарламаларға қатысу арқылы тауып жүр.

 

ПЫ.СЫ: Жер өртемесе де аттары шыққан арулар ия))))