Тағдыр тауқыметі...

Тағдыр тауқыметі...
жеке
блог

Біздің қалада қарттар үйі бар дегенді естуші едік.Бір күні соған жолымыз түсіп бір топ оқушы болып бардық(апайлармен).Қарттардың ауыр тұрмысы жанымызға батты.Баласынан еш көмек болмаса,билік басындағылардан не қайыр,не үміт?Олар тіпті балаларының қылығынан ұялып балаларын жоққа санады,төмен қарап жылап тұрды...Біз де жыладық.Қуықтай ғана лас бөлмеде тұру оңай боп па?Зәулім,кең үй болмай-ақ қойсын қарапайым үй алып беруге үкіметтің ақшасы жетпей ме?Немере сүйетін жасқа келгенде "бір бөлмеде қамалып қалам" деп кім ойлаған...

Бағзы замандарда ата-бабамыз қарттар үйі,жетімдер үйі дегенді білмек түгіл естімеген де.Қазір адамдарға не болған екен?Өзінің бағып-қаққан ата-анасын,бауыр еті баласын тағдыр тәлкегіне қалайша қиып тастап кетеді екен?Жерге ешкімде айфон не ақша тастап кете алмайды,ал баланы тастап кете алады.Бұл қалай сонда?Адамдар(әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын) жынданғаннан сау ма өзі?

Балалар үйінің жағдайы да мәз емес шығар.әрине.Ата-ана тәрбиесінен ерте айырылған бүлдіршендер қалай күн көріп жатыр екен?Иә,әке мейірімімен,ана құшағын аңсап,"АНАМ КЕЛЕДІ,МЕНІ АЛЫП КЕТЕДІ" деген үмітпен өмір сүруде.Оларды қатты аяймын.Өзінің ата-тегін білмей, ана жылуын көрмей өскен балалар қатыгез болып өсуі де мүмкін ғой.

Ал шетелдегі қазақ балалары ше?Үлде мен бүлдеге оранып отырса да олардың жүрек түкпірінде не жатқанын біле алмаймыз ғой.Қанша жерден асырап алған ата-анасы бауырына басқанмен туғанындай болмайды ғой.Осындай боздақтарымыздың шетелде қалай өмір сүретіні беймәлім...

Қорыта келгенде "мейірімді болып, ата-анамызды қадірлеп,балаларымызды тастамайықшы" дегім келеді...