Ақиқаттың мекені – жүрек

Ақиқаттың мекені – жүрек
жеке
блог

Әдебиеттің міндеті – сергелдең жүректі басу, бейқам жүректі ояту.

 

Жалпақ әлемді аузыңа қарату үшін рухани ерлік керек, жалпақ әлемге қысылмай, қымтырылмай қарау үшін рухани байлық керек.

 

Ақын үшін ең зымыран тұңғиық та жүрек, ең шыңырау биік те жүрек.

 

Жырда жалғыз – ақ адрес бар, ол – жүрек.

 

Ақын еңбегінің жалғыз өлшемі – оның адам жүрегіне қанша жақындай алғаны.

 

Елін сүйген азаматқа ең үлкен қайғы – өз халқының тағдырынан тыс қалу.

 

Поэзия жаратқан иенің әманда жалғыздық торындағы пенделерімен пейілдессін, пікірлессін деп әдейі жаратқан ақ қанат періштесі.

 

Жайдақ өнерден жалқылар безінгенімен, жалпылар безінбейді.