Бір сәттік рақат
жеке
блог

Бір сәттік рақат

Кітап оқу өмірдің рақаты шығар сірә... Жатып алып оқыған кезде бар нәрсені ұмытып,ішіне кіріп кеткендей боламын. Тіпті өзімді-өзім ұмытып, кейіпкерлердің өмірі көзге елестеп, тап бір солармен жүргендей болады да тұрады. Кітап десе ішкен асымды жерге қоям десем артық айтқандық болмас. Әсіресе Жүсіпбек Аймауытовтың Ақбілек романы. Ақбілектің қиын тағдырын өзімдікіндей көріп,көзіме жаста үйірілетін. Қаршадай қыздың осыншалықты ауыртпалықты мойымай жалғыз арқалағаны адамды өзіне баурап, тәнті етеді. Орыстар алып кеткенде де, елге оралғанда әкесі мен ауыл адамдарының оны бәледей көріп сыртқа тепкеніне де төзді. Әйтеуір алдынан жаңа күннің сәулесін шашып шығарын ойлап,өзін жұбатқандай болатын. Иә ол күнде келіп жетіп Ақбілек қалаға оқуға кетіп,бақытын табады. Жазушы бейкүнә қазақ әйелінің,сол кездегі орысқа бодан болған  қазақтардың бейнесін керемет суреттеп шықты. Менің жүрегімді селт еткізген, көңіліме ой салған шығарма осы болатын.