Өтті мереке)))

Өтті мереке)))
жеке
блог

мереке тойлағандарМіне, Наурыз мерекесінде күтіп алдық. Наурыз келеді дегеннен жұмыс көбейе бастайды, жаңарту, аула тазалау,керекті заттарды алу.Наурыз мерекесі болатын күні тіптен қолым босамайды, дастарханға дайындық, келіп-кетіп жатқан қонақтарды күту,балалардың бұзықтығы, еркеліктері ол күні үдеп кетеді)))) Осы біз қандай едік кезінде деп қоямын...Барлықтарын мерекелік алаңға апарып, алып келдім, жоқ олар тіптен шаршамайды шулағаны-шулаған)))Әйтеуір балабақшаға бармай, бір тойдың болып жатқанына мәз.Әй-әй деп жүріп, мерекелік күнімнің де аяқталар сағаттары жақындады.... Тып-тыныш боп қалған бөлмеге барсам, бұзықтарым үлкен бір шаруаны тындырғандай тәтті ұйқыға кетіпті)))) Наурыз келеді, Наурыз келеді деп жүріп Наурыздың келгенін де байқамай қалыппын....

Тойдың болғаннан боладысы қызық деген осы екен-ау))))