Жүрек назы

Жүрек назы
жеке
блог

   Қара талдың бүршігіндей,

   Махаббатым тұр сезілмей.

   Таңдарым да атушы еді

   Бір сені ойлап көз ілмей.

 

   Пәк сезімнің сен шынында,

   Қалдырдың-ау құрсауында.

   Мені тастап сен жүрерсің

   Өзге жанның құшағында.

 

   Сүймегенің ол бір айып,

   Жүректегін жандырайық.

   Ұмытылмас тәтті күндер

   Бәрін есте қалдырайық.

 

   Жараладың жан сарайды,

   Меннен кім кеп хал сұрайды.

   Сенсіз өткен күнді ойласам

   От жүрегім қан жылайды.

 

   Ерімей мұз жүректегі,

   Мейлі бір күз, бір қыс жатсын.

   Екеумізді кездестірген

   Сол бір күнді қарғыс атсын.

 

   Сезім жортып, құлан түзде,

   Үмітіңді бірақ  үзбе.

   Пәк  жүрегің көктем болса

   Ақ жүрегім құмар күзге.

 

   Ойға алғанда есіміңді,

   Неге көзім кеш ілінді.

   Жауған жаңбыр кесірі ме

   Айта алмадың  шешіміңді.

 

  Жүрек жоқ-ау сірә сенде,

  Сезімнің бұл күнәсі ме.

  Сол бір кеште нөсерлеткен

  Қара бұлттың кінәсі не?!