Еркектерді жылататын фильмдер

Еркектерді жылататын фильмдер
жеке
блог

Фильмге қыздардың жылауы қалыпты құбылыс екені мәлім. Британдық "BBC News Magazine" журналы жүрекке тиіп, көз жасқа ерік бергізетін фильмдер рейтингісін құрыпты.

Бірінші орынды «Сақиналар әміршісі: Корольдің оралуы» («Властелин колец – Возвращение короля») фильмі алған екен. Ең жан тебірентерлік сәт, соңғы бөлімде кейіпкерлердің қоштасуы болып саналады. Бұл сәттің сезімдерді тербеуінің тағы бір себебі әуенінің де әсерлілігінде дейді оқырмандар. Фильмнің музыкасын жазған Говард Шор екі «Оскар» иегері екен.

«Шоушенктен қашу» («Побег из Шоушенка») картинасы екінші орынға ие болды. Көрермендердің көбі фильмдегідей мықты достықты қалайтындарын айтыпты. Және үшінші орынды «Жоғары» («Вверх») мультфильмі иеленген. Бір көрермен осы мультфильмге мынадай пікір қалдырыпты: «Отбасымызда қайын атамнан басқасының бәрі жылады. Қайын атам жылаған жоқ, өйткені ол - робот».

Фильмдердің орналасу реті мынадай:

4-орын. «Көкек ұясының үстімен ұшқанда» («Пролетая над гнездом кукушки»). Еркектердің көбін картина финалының драматикалық аяқталуы тебірентіпті.

5-орын. «Марли және мен» фильмі.

6-орын. «Чемпион» фильмі. Бір көрермен кинотеатрда отырғандардың барлығы жылады деп жазыпты. Және сол күні кинотеатрдың тең жартысы әскери адамдар болған екен.

7-орын. «Николас Спаркстің қойын дәптері» ("Записная книжка Николаса Спаркса"). Бір Боб деген көрермен осы фильмді ұшақта көріп, жылап келдім депті.

8-орын. «Бэйб» фильмі.

9-орын. «Оның армандарының алаңы» ("Поле его мечты")

10-орын. «Отты колесница» ("Огненная колесница").

Сонымен қатар, тізімге "Железнодорожные дети", сауна жайлы "Пар жизни" фин деректі фильмі, Том мен Джерри жайлы 1941 жылы шыққан "Ночь перед Рождеством" мультфильмі, "Мэри Поппинс", "Жизнь прекрасна", "Мост в Терабитию", "Зеленая миля", "Моя собачья жизнь" және "Искренне, безумно, сильно" фильмдері кірген.

Мен еркектердің фильмге жылағанын тек бір рет қана көрдім. Ол Еркін Рақышевтің «Жетімдер» фильміне.

Ал өзім "Хатико. Ең адал дос" фильміне кәдімгідей жылағаным есімде.

Ал, жігіттер, қыздар, жылататын фильмдерді еске түсірейік?