ҰМАЙ АНА

ҰМАЙ АНА
жеке
блог

Шындығына келгенде, бүгінге жеткен наурыздық шежірелерде Ұмай ана кейпі айтылмайды, бірақ ол түркілік дүниетаным нысаны ретінде аса зор маңызға ие екендігі өз алдына, оның Наурызға тікелей қатыстылығының дәйектері табылатындығы сөзсіз. Себебі,  Жердің рухы ретіндегі Ұмай ана - Көктің дарытқанын молайтушы, құтты нәрселендіруші кие. Береке аталатын көбею мен молдықтың басы – Наурыздық материалдық байлықтың мәні болып табылады. Берекенің белгісі – айуан әлемінің көбейуі мен өсімдік біткеннің жасаруы: көктің бүршік атуы мен төлдің туылуы. Наурыз айының сақпан (малдың төлдеу) науқанына сәйкес келуі де құбылыс пен көктемгі маусымның көрінісі, жаңа жылды лайықты қарсы алудың мүмкіндігі болып табылады. Осы жерде құмық тарихшысы Аджы Мұраттың сәби Христы көтерген Марияның бейнесінің түпнұсқасында әуел баста ырыс пен береке нышаны болып табылатын Ұмайдар есімді сәби көтерген Ұмай ананың кейпі болғандығына құлақ асуға болды.
Ұмай ана наурыздық басты миф-кейіпкер бола алады.