Өлеңдер

Өлеңдер
жеке
блог

   1.     НАУРЫЗ

     Бала кезден есімізде

     Наурыз келген қуаныш,

     Сақтап қалған жадымызда

     Ауылдан бір көрініс:

 

          Аула толы жайылатын

          Көздің жауын алдырып,  

          Анамыздың көрпелері

          Сары-қызыл, көк болып.

 

     Үй әктеліп, бір жаңғырып

     Сәулесі күннің түскенде

     Әдемі бір күйге енетін

     Бөлме іші әп-сәтте.

 

        Әжелер де бір сілкініп,

        Сандықтарын ашысып,

        Помбарқыттан көйлек киіп,

        Кимешегін киіскен.

 

         Ал аталар таяқтарын

         Тоқылдатып кең төрде,

        Ақ батасын беріп жатад

         Сәлем беріп келгенге. 

 

     Үлкендермен көрісуге

     Асыға жастар ұмтылған,

     Араздасқан ағайынның

     Басын қосқан бұл мейрам!.

 

     Қазан толы бір жағында

     Наурыз көже қайнаған,

     Құрт-ірімшік, жал-жаясы,

     Қазы-қарта, бауырсақ,

     Балқаймақтың хош иісі

     Танауыңды жайлаған.

 

           Жаңа өмірге ақ ниетпен

           Аяқ басар Жыл Басы!

           Мұсылманның Жаңа Жылы-

           Наурыз деген міне осы!

 

2.      Наурызға тілек!     

Сәлем берем Наурыздың салт- ғұрпымен,

Үлкенге ізет етер сән-салтымен!

Замандас, құрбы-құрдас, әріптестер,

Сіздерге тілек айтам ақ көңілден!


Әз-Наурыз мейірімін төгіп салсын!

Берекеті, ағы мол , ән жарассын!

Ерен еңбек зая кетпей, бөлей берсін,

Абырой мен құрметке, даңқың ассын!

 

Болмаса да қиындықсыз өмір мүлде,

Көңіл орта болмасын қаяу түссе,

Бұлақ та ортаяды, күшін жойып,

Мөлдір судың нәр берер көзі кетсе.

 

Қажыр-қайрат телегей асып-тассын!

Зәмзам судай бұлақтың сарқылмасын,

Жақсы сөз- жарым ырыс дейді қазақ,

Ақ тілегім осы айтқан қабыл болсын!

 

2.