Білім

Білім
жеке
блог

Әрбір елде білім дамуына негізі үлес қосатын бірнеше фактор бар. Олар зерттеулердің ғылымға деген үлесі, сапалы білім беру орындарының саны және халықтың жалпы білімділік деңгейі. Бұл эссе осы факторларды сипаттап маңыздылығын назарға аударады.

Біріншіден, сапалы білім беру орындарының санын көбейту білім саласының өркендеуінде маңызды болып табылады. Білім беру мекемелері мектеп, университет және тағы басқалары кіреді. Тәуелсіздікке ие болғаннан бері білім беру сапалық дуңгейі де біркелкі көтерілді. Тарихи мәлімет бойынша, Ыбырай Алтынсарин 1864(65) жылда  ең бірінші қыздарға арналған қазақ мектебін ашты. Бірақ, бұл қазақ мектеп тарихының ең түбі болғанымен, өкінішке орай, қазақ халқының білім беру системасының дамуына едәуір көп уақыт керек болды. Абай атамыз да осы мәселенің шешуіне ерекше назар аударған. Ең бірінші қара сөзінде, Абай “Ғылым бағудың” сұрағын тапсырады. Бұдан басқа сұрағы “Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсын?”-деген. Қазіргі кезеңде де дәрежелі мамандардың жетіспеушіліктің проблемасымен талай бағдарламалар іске кірісіп жатыр. Мысалы, біліктілік көтеру курстары, кадрлардың біліктілігін көтеру бағдарламалары және тағы басқалары. Бұлайша, білім алудың біздің арғы аталарымыздың тарихи қалыптасқан мақсаты болып тұрғаны емеспе?

Екіншіден, ғылыми зерттеу және иновация салаларындағы басылымдардың, оқулықтардың және өнертабыстардың маңызды орнын алып отырғанын қарастырайық. Ғылыми саласының дамуы көп уақытты және зор еңбекті талап етеді. Қазақстанда, осыған қатысты жағымды және жағымсыз жақтары бар. Қысқашасы, мысалы, көптеген кітапханалар, лабораториялар және зерттеу орталықтар ашылып жатса, онда жұмыс жаса алатын адам басы санаулы. Себебтің бірі – ғылыми саласында жұмыс істейтін кадрдар аз. Бірақ “Болашақ” бағдарламасының шетелден білім алу мүмкіндігін ұсынғаны, түрлі ғылыми проекттерге арналған грант жариялау және өткізіліп жатқан түрлі семинар-конференциялар бұл мәселенің шешімін тікелей шығарып жатқаны лайықты. Осының барлығы кәсіптік торын құруға және басқа елдермен білім алмасуына көмек етеді. Осындай халықаралық қарым-қатынастың брәндін насихаттасақ, бұл келешек ұрпақтың ғылыми дамуына оңды әсер етеді.

Соңында, әр азамат ең басты мектеп және бакалавр ғылыми дәрежесін ала алмаса, жоғары айтылып кеткен екі аргументтің құны жоқтай болады. Біздің мемлекет әрбір адамға тегін және сапалы білім беріп отырса, елдің білім деңгейі ұлғайтылатына сенемін. Сол себептен, ғылым танушылардың барлықтарына, ғылыми табысқа және технологияға іңкәрі бар адамдарға және осы салаға үлес қосамын деушілерге сәттілік тілеймін!