Бір қала, мың тарих)

Бір қала, мың тарих)
жеке
блог

«Тойдың болғанынан  боларысы қызық» дейтін атам мен әжем. Бәрмізге белгілі биылғы блогқұрылтай Қарағандыда болатын болды. Тіркеліп, іріктеуден өткендер қолдарына билеттерін алып, күн санап отыр. Солардың бір-мен.  

 


          Арман қуып шалғайдағы  ауылдан  екі  жас білім нәрімен сусындауға кеншілер  шаһарына  ат басын тірейді. Бірі медакадемияның, бірі  политехтің  студенті атанып, Қарағандыдағы студенттер үйіне жайғасып, ауыл баласы қала тұрғыны деген атқа ие болады. Студенттердің көп күтіп, бірден  жоғалтатын біp-ақ нәрсесі бар емес пе?! Ол-степендия.  Сол степендиясын алып, біраз көңіл көтеруге  қалаға шығады. Бір  өңірден келген екі бейтаныс студенттер  бір-бірімен танысып, таныстықтары достыққа ұласады.Жат мекенге келген  қос жүрек бір-біріне қатты бауыр басып кетеді. Талай қызықтарды бастан кешіріп, Сарыарқаның сары аязына  бірге төзіп, ақыр соңында 19 жастағы бойжеткенмен 25-тегі  жігіт отбасын құрады да, 1993 жылы 31 желтоқсанда некелерін  қиып,ұлан асыр той жасайды. Бір бас екеу  болған соң, екі  бас үшеу болады дегендей...Уақыты келіп екі жас еншілерін алып, елдеріне оралады.

        « ...осыдан тура 20 жыл бұрын  ол жерде немістер мен орыстардың саны басым болатын. Дүкендердің маңдайшасына «адық тұлк», «тұкен» деген  тақтайшалар ілініп тұратын.  С.Сейфуллин  атындағы театр болатын, ішінде студенттерден басқа ешкім  болмайтын. Қазіргідей құлпырып тұрған қала жоқ еді. Сонда да маған бұл қала ыстық, маған деймін-ау, бізге  ыстық. Егер біз Қарағандыға бармағанда,  сол жерде таныспағанда,  қазір бәрі басқаша болар ма еді?!  Тіпті, сен де блогқұрылтайға бармаушы ма едің?!»- деп мамам жастық шағын есіне алып,  әрі қарай тереең ойға шомып кетті. Міне, Қарағанды біздің отбасымыз үшін махаббат қаласы.

«Атамекен  Қазақстан картасы»  этно- мемориалдық кешенінде  экскурсия жүргізушісі болып  жүргенімде  қонақтарға  « сіздер қазір Қарағанды облысындасыздар. Бұл өңір өзінің жер көлемінің үлкендігімен,  Балқашымен, Ұлытауымен, пайдалы қазбаларымен,  көне архитектуралық ескерткіштерімен ерекшеленеді. Егер облыс орталығына барсаңыз  ең бірінші  Кеншілер мәдениет  сарайына баруды ұмытпаңыз. Ол жерден сізді кеншілер, қойшылар, ауыл еңбеккерлері, жауынгерлер, ақындар мен құрылысшылар күтіп алады. Осы бір ғимарат арқылы  қала халқының мәдениетімен таныс боласыз» деп сызылееп,қаланы таныстырып тұратынбыз. Алла сәтін салса, 22-наурызда жол жүрмекпіз.  Блогқұрылтайда жарияланған жарыстың арқасында қаланы тағы да тани түстім. Үш күн ішінде қаланы армансыз аралаймын деп ойлаймын. Foot in mouth