Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Біреу ренжітті ме?!

Біреу ренжітті ме?!

Біреу ренжітті ме?!

Еліне құрметті данагөй қарт кісі шәкірт тәрбиелеп, дәрістер жүргізетін көрінеді. Бірде әдетінше шәкірттерін жинап, дәрісін жүргізіп жатқанда, олардың маңына жас жігіт келеді. Жас жігіт айналасына өзінің дөрекілігімен және қатыгезділігімен танылған палуан болса керек. Ол ұрыста жеңу үшін қарсыласын әбден ашуландырып, көзі қанталап, әбден өз-өзін жоғалтуға дейінгі халге жеткізу айласын әдетке айналдырған. Ал ашуға бой алдырып, ақылын шел басқан оның қарсыласы байқұс қателіктен қателік жіберіп, нәтижесінде жеңіліс табады. Сол әдетіне салып, жас палуан қарт ұстаздың намысына тиетін сөз айтып, боқауыз сөздермен жер-жебіріне жеткізіп, тас лақтырып, әбден қорласа керек. Алайда данагөй қария сабырлы қалпынан танбай, сабағын ары қарай жалғастыра беріпті. Оған күні бойы айласын асыруға әуреленген жас жігіт ақыры үйіне қайтады. Осынша қорлыққа ләм-мим демеген ұстаздарының салқынқандылығына таңырқаған шәкірттері ақыры шыдай алмай: - Неге сіз оны жекпе-жекке шақырмадыңыз? Жеңілем деп сескенгеніңіз бе? – деп сұрайды. Қарт ұстаз былай деп қарсы сұрақ қояды: - Егер біреу сендерге сыйлық ұсынып, бірақ сендер оны қабыл алмасаңдар, манағы сыйлық кімнің еншісінде қалады? - Сыйлықты ұсынып тұрған иесіне – дейді шәкірттердің бірі. - Міне, дәл осы нәрсе көре алмаушылық, өшпенділік пен балағаттаушылыққа да қатысты. Сен өзің біреуден өз тарапыңа оларды қабыл алмағанша, олар өз иесінде қала береді...

Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 05 наурыз 2012, 02:26
Пікірлер
+0
05 наурыз 2012, 11:21

Негізі біреуді жеңем деп оның жеке басына, ар-ұжданына тиетін ауыр сөздерді қолдану - естінің ісі емес. Егер мықты болса білімімен, көңілге қонымды пікірімен мойындатсын. Өкінішке орай, қарсы пікір айтсаң балағат сөздерін сайтанға тас атқаннан әрмен борататын жандар біздің сайтта да бар. Солар оқып ойланатындай екен. Мен де баяғыда жеке басымнан сөз асырмай қарсыласа кетуші ем. Қазір өзгеріппін, балағат сөздерге үндемей қоя саламын. Осындай сөздермен тұқыртам деп өз деңгейін өзі анықтап беріп отырғандармен айтысып не береке табушы ек. Жазбаға рахмет!

+0
05 наурыз 2012, 11:39

Иә, бәрінен үндемей құтылған дұрыс. Адамдармен жалпы арпылдасып, ашуланудың қажеті жоқ. Босқа жүйке жүйеңді құртасың. Сабырлық - ең үлкен қасиет.

+0
05 наурыз 2012, 21:13

жақсы мысал екен
сабырлы болайық

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.