Ұмытылмас естелік

Ұмытылмас естелік
жеке
блог

Алғашқы жазбамды мен естеліктен бастағанды жөн көрдім. Өзіме қатты әсер берген, әлі күнге дейін сол сәтті ұмытқым келмейді. Бұл 2011 жылы 11 қыркүйек Астана қаласы "Сәтті" мейрамханасы болатын. Астана қаласының әкімінің дастарқаны жайлып, Жамбыл облысының мәдениет күндері Астана қаласында өттіп жатқан. Сол жаққа делегат болып барғанмын. Ең жас өзім едім. Жамбыл облысын облыс әкімі Қ.А.Бозумбаев бастап, Шерхан Мұртаза, Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов,  Алтынбек Қоразбаев, Тлеуқабыл Төребеков, Асаубай Майлыбаев секілді зиялы қауым өкілдердің арасыннан өзімде болдым.

Естелік келсек, Жамбыл облысынан басылымдардың құшақтап мейрамханаға кіріп, газеттерді қоятын "журналный столик" кордим. Ол жерде бір кісілер жиналып тұр екен. ортасында стол үстінде жазу жазып екен, оған мен мән бергенім жоқ екен.

-Апау, мына газеттерді қояйын деп едим?

-Мына бала мені танымай қалған ба? Қазақтың баласын ба? ашулы көзбен қарап, артынан күлімсіреді.

Бұл уақытта мен үндемей қалдым. Тіл байланып қалды. Не дерімді білмедім. Жай бір орнымда қаттып қалдым. Сонда мен Мұқағали Мақатаев көкеміздің осындай аруға қалай ғашық болып, өлең шығарғанын түсіндім. Қандай ғажап, Фариза апамды көріп, даусын есту маған үлкен ғанибет болды.

23 қаңтар да іс сапарда жүрген болатынмын. Күні бойы интернет қарайтын уақыт болмағандықтан түңгісін кіріп, Твиттер, фэйсбуктан қаралы хабар оқыдым. Басында сенбедім. Артынан айтыскер ақындар БАҚ өкілдері жазған кейін түсіндім қара жер қойнауына халықтың сүйкімдісі, сүйіктісі, миллиондаған тыңдаушысы бар Фариза Оңғарсынова апасызды бұл дүниеден көр алмайтын болдық. Дүние де болмаса да, апамыз жүрегімізде. Ешқашан ұмытылмас.

Сағыныш болсын, басқа болсын, Фариза апамыздың бейнесін өмір бойы есте сақтаймын!