Сіз білмейтін 1000 таңғажайып факты #4

Сіз білмейтін 1000 таңғажайып факты #4
жеке
блог

         Көктемгі көңіл-күй қалай, достар? Сіз білмейтін 1000 таңғажайып фактының жалғасын оқып көрейік, қане: 


1. Адам тамақсыз 6 апта шыдаса, ал ұйқысыз 10 күннен артық шыдай алмайды екен.

2. Баспа машинкаларын өндіретін Үндістандағы ең соңғы фабрика 2011 жылдың наурыз айында жабылды.

3. Моңғолияда тамақ ішу кезінде кекіру аспазға білдірілген алғыс болып табылады. Кекірмесең қарының тоймағаны, не болмаса тамақтың ұнамағаны.

4. АҚШ тұрғындары жылына 16000 тоннадан астам аспирин тұтынады екен.

5. Әлемдегі ең қымбат металл - калифорний. Оның 1 грамының бағасы 6,5 млн доллардан асып түседі. 

6. Аралардың орташа өмір сүру ұзақтығы - 5-6 апта болады. Осы уақыт аралығында олар 2 шай қасықтан көп емес бал жинап үлгереді екен.

7. Монако мен Индонезияның мемлекеттік тулары біп-бірдей екен.

8. Францияда жылына 200 миллион бақа тағам ретінде тұтынылады екен.

9. Дубайдағы "Бурж аль-Араб" қонақүйінің Royal Suite нөмірінің бағасы бір түнге 28000 $ болады екен.

10. Биіктігі 420 метрден асатын әлемдегі ең биік түтін тұрбасы өзіміздің Екібастұз қаласында екен. Ол Эйфель мұнарасынан 100 метрге биік.

 

http://massaget.kz/blog/10675

http://massaget.kz/blog/10680

http://massaget.kz/blog/10718