Кәсіподағымызға 15 жыл!

Кәсіподағымызға 15 жыл!
жеке
блог

Анасын ардақтап,әкесін қастерлеген,тәрбиелі де тәлімді қазақтың қара домалақтары жиналған,нағыз жалынды жастардың ордасы болып табылатын,жаныма жақын кәсіподақтардың бірі де бірегейі-"Сұңқар" студенттер кәсіподағы! Біздің ҚазҰУда кәсіподақтар өте көп,олардың әрқайсысы өзінің ұйымшылдығымен,тапқырлығымен,талантымен,бірегей жобалары және толағай табыстары арқылы ерекшеленіп тұрады.Сондай кәсіподақтардың бірі,ол біздің-"Сұңқар" студенттер кәсіподағы.Біздің кәсіподаққа биыл 15 жыл. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мүдделерін, еңбек құқығын қорғауды мақсат ететін "Сұңқар" студенттер кәсіподағы Дәурен Абаевтың бастамасымен 1999 жылы құрылды. Қазіргі таңда  Дәурен Әскербекұлы Абаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Кәсіподағымыз осы 15 жыл ішінде көптеген жобаларды жүзеге асырыды,атап өтетін болсақ:"Сұңқар"кубогы(Футбол),77,78,79 теңгелік түскі ас,"Сұңқар" кубогына арналғна квн ойындары,"Ең үздік студенттік топ" тағы басқа... Және де ҚазҰУдағы көпбалалы,жартылай жетім,асқазаны ауыратын студенттерге әлеуметтік көмек беріледі.Кеше,яғни наурыздың 14ші жұлдызында біздің көшбасшыларымыз Сыдықова Айдана және Сандыбаева Сандуғаш Астана қаласында болып қайтты. Елордамыз Астана қаласының Тәуелсіздік сарайында өткен XIV Халықаралық Экономикалық форумында "Сұңқар" студенттер кәсіподағы "САЛА КӨШБАСШЫСЫ 2013" құрметті атағына ие болып қайтты."Сұңқардың" жеңісі - ҚазҰУ-дың жеңісі,мен өз оқу орныммен,өз кәсіподағыммен мақтанамын!