Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сыйлақтар, сыйлықтар, сыйлықтар...

Сыйлақтар, сыйлықтар, сыйлықтар...

Сыйлақтар, сыйлықтар, сыйлықтар...

Сәлем, Массагет! Бұл жақта сыйлықтар жайлы қызықты эстафета болып жатыр екен... Мен де қарап отырмай, сол жайында жазайын! Маған эстафетаны табыстаған - Anarkа Must.

Мен біреуге сыйлық бергенді ұнатамын. Әсіресе сюрприз жасағанды. Ал кішкентай балаларға сыйлаған тіпті керемет. Себебі, олар қуанса, шын қуанады ғой. Енді нақты тақырыпшаларға қатысты жазсам...

"Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?"

Мен ешқандай сыйлықтан бас тартпас едім, себебі ұят :-) Ұнамаса да, жымиып алуға тура келеді. Осы күнге дейін бас тартып та көрмеппін. 

Сізге ұнайтын кәдесыйлар.

Менің ойымша, сыйлықты "құтылу" үшін сыйлауға болмайды. Берсең, шын көңілден бер. Бермесең, мүлдем берме. Сол себепті, сыйлықтар керек заттар болу керек. Өз басым, сыйлық бергенде, ол адамға қажетті сыйлықтар бергенді ұнатамын. Маған да сондай сыйлар сыйласа әбден қуанмын. Бәрінен де, туған ағамның сыйлықтары ұнайды. Ағам: "Қанша керек?" деп сұрайды, "мынанша" деп айтасың, барасың да керегіңді аласың... Романтика))) 

Өміріңізде есте қалған сый.

Олар өте көп.  Қайсібірін жазсам екен... Бауырымның сыйы...

Бұл менің балалық шағым еді (одан бері 9 жыл өтті), ол кезде  марқұм Жарқынбек деген бауырым болатын (марқұм әкемнің туған қарындасының баласы). Жарқынбек екеуміз бір үйдің баласындай болып өстік. Екеумізді тіпті кейде бір туған деп ойлайтын, ол менен 3 айға ғана үлкен болатын. Алайда, мен үшін ол "аға" еді. Жакош (Жарқынбекті солай атайтынбыз) мені туған қарындасым деп, үнемі менің қабағыма қарап, мені еркелеткенді ұнататын. 

2006 жылдың 8 наурызында ол маған мен ешқашан ұмытпайтын сыйлық сыйлады...  Мейрам күні Жакош маған: "не сыйлайын?" деді. Мен сол мезетте  балмұздақты қатты жегім келіп отырып: "бір шелек балмұздақ" дедім.  Киімін киіп, далаға кеткен, 1 сағаттан кейін үйге келіп тұр. Қолында "Семейный" балмұздағы. Айтқан сөзі: "Жансая, ренжімеші, шелектегі балмұздақ жоқ екен. Баянауыл аялдамасына дейін барып келдім, еш жерде жоқ, ең үлкені осы, мейрамыңмен!" деді, мөлдіреген қара көздерін жымитып. 

Сол мезетте менің көзіме жас толып, осы сәтті мәңгілікке есіме сақтап қалуға тырыстым... Оған себеп, ол кезде Жакош ақ қан ауруымен ауратын. Сондықтан оған жаяу жүруге болмайтын. Ал Жакош болса, Баянауыл аялдамасына дейін жаяу барған. Ол жермен үйдің арасы 2 аялдама. Бұл сырқатты адам үшін біраз жер. Сонда Жакоштың менің сөзімді жерге тастағысы келмегені мені қуантты. Оған қоса, бұл сырқаттан жазылмайтынын мен бала болсам да жақсы білетінмін, сол себепті оның әрбір сөзі мен қылығы сол кездері соңғы сияқты болыпты көрінетін. Расында да, бұл оның маған сыйлаған соңғы сыйлығы еді... Алайда, ол балмұздақ өмірімдегі ең дәмді, әрі ең ыстық балмұздақ... Көңілде өшпес естелік қалды...

Жарайды, біраз лирикаға беріліп кетіппін, шығайық...

Сізді жалықтырған кәдесыйлар.

Мамамның құдалықтан таситын, ешкімге керек емес маталары :-) Солар үйде босқа орын алып тұрады. Тастайын десең - обал. Тастамайын десең "бесит" :-) 

Тааак, келесі кім алады? Кімге берейін эстафетаның таяқшасын??? :-) Әрине, құрбым кербез қыз - Айжанға бердім!!!

 

6996 12
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 04 наурыз 2012, 22:11
Тегтер: сыйлықтар, естелік
Пікірлер
+0
04 наурыз 2012, 23:17

Інің жайлы оқиға әсерлі екен. Құдалықтың атрибуттары үйреншікті болып кетті ғой.. ) Эстафетаны құрбыңа, Айжан кербезге берсең болады )

+0
04 наурыз 2012, 23:32

ААА, точно, қазір түзетіп қоямын)

+0
04 наурыз 2012, 23:58

өте қымбат сыйлық екен...! әсерлі әрі ауыр естелік екен. Жаратқан ағаңызға Жұмақтан орын бұйырсын! Аминь!

+0
05 наурыз 2012, 19:26

Аумин! Айтқаныңыз келсін!!!

+0
05 наурыз 2012, 08:41

охо көптен күткен эстафета таяқшасы тиіпті:)) бүгін жазам)

+0
05 наурыз 2012, 19:26

Жаз, жаз күтеміз)))

+0
05 наурыз 2012, 10:01

өзгере салады екен да, дұрыс екен да, мінезінің типі халерік екен да)))

+0
05 наурыз 2012, 19:27

Әркім өзінше түсінеді екен да)

+0
05 наурыз 2012, 11:00

жазба тірі, ішінен бірнеше өмірді көргендей болдым, рақмет )

+0
05 наурыз 2012, 19:27

Ұнағанына қуаныштымын)))

+0
05 наурыз 2012, 21:10

Әдемі!

+0
05 наурыз 2012, 21:23

Рахмет!)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев