Қаржылық сауаттылық: Біз және өзгелер
жеке
блог

Қаржылық сауаттылық: Біз және өзгелер

Еліміздің тұрғындары үшін «банк» пен «несие» ұғымдары қаншалықты «қорқынышты» немесе түсініксіз? Қанша адам банкке  қарызға ақша алу үшін емес, кепілдікке қаражат салу үшін барады? Қысқасы, қазақстандықтардың қаржылық сауаттылығы қандай? 

2014 ж қаңтары мен ақпан аралығында 2 апта еліміздің түкпір-түкпірінен 1200 адамның қаржылық сауаттылығына зерттеу жүргізген Brif Research Group және TNS Gallup компаниялары  аталған сауалдарға жауап бергендей болды.

Сонымен,

-      36% қазақстандық өздерінің  қаржылық білімдерін қанағатсыз деп есептейді.

-      43% тұрғынымыз депозиттің кепілдендірілгенін білмейді. Ал білетін өзге бөлігі мемлекеттік 5 миллион теңгеге дейінгі соманы кепілдендіретінінен хабары жоқ. 

-      Депозитке ақша салғандар 8%, үйде сақтауды жөн көргендер 44% шамасында.

 Бұл  бір ай көлеміндегі жағдай десек, жалақы біткеннен кейінгі немесе жетпегенде қазақстандықтар қандай жолмен бюджет шығынын толтырады?

-      60%-ы үнемдеуге көшеді, осы цифрдың өзі көңіл қуантады.

-      48%-ы ескі танысы «қарызбен» достасады.

-      Тек 7%-ы ғана банктен несие алуға ұмтылады.

-      38% тұтынушы мүлдем кіріс-шығыс есебін жүргізбейді, нәтижесінде 3 адамның 2-іне айдың аяғында қаражат жетіспейді.

 Тағы бір қызықты факт. Еліміздің батыс өңірінің тұрғындары өздерінің қаржылық  білімдеріне сенімді, қанағаттанарлық деп есептесе, оңтүстік облыстарындағы жұртшылық  бұл сфераға келгенде қорқынышқа бой алдырады. Адам әрқашан білмеген нәрсесінен қорқатыны заңдылық қой. Жекелей келгенде ер жігіттердің әйелдерге қарағанда қаржылық біліміміз қажетті деңгейде деп санайды екен. Зерттеушілердің айтуынша, жалпы аймақтың деңгейде халықтың экономикалық сауаттылығына  «2» деген баға қоюға болады.

 АҚШ, Қытай, Бразилия, Австрия, Ұлыбритания тәрізді елдерді қаржылық сауаттылық мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыты ретінде қарастырылады.  Көрші Ресейдің өзінде бұл бағдарлама 2006  жылдардан бастап қолға алына бастаған. Федералды бюджет пен Халықаралық Банк біріге отырып, 5 жылдық жоспар құрып, 110 млн доллар қаржы бөлінген. Айта кетейік, жоғарыдағы зерттеу жұмыстары kaspi kank «Қаржы мәдениеті» бағдарламасымен бірлесе отырып жүзеге асырылған. Банк тарапынан бұл шараға 1 млн доллар бөлінді. Әрине, бұл жерде Ресей мен Қазақстан тәрізді елдердің жер көлемі мен халық санын да ескерген жөн.

 Осы зерттеу қорытындсы жариялағаннан кейін «Экономикалық сауаттылықтың халықаралық орталығы» ҚҚ директоры Гүлмира Арбабаева алдағы жоспарланған шараларды да жариялады.

-      Бұқараны зерттеу қорытыныдыларымен таныстыру;

-      Дөңгелек  үстелдер, конференциялар ұйымдастыру;

-      Қаржылық сауаттандыруға  қатысты экономика саласындағы мамандардан, журналистер мен блогерлердер, омбудсмендерден құралған Жалпы Кеңес құру;

-      Осы идеяны іске асыру аясында  арнайы жобалар үшін гранттар конкурсы;

 Осы орайда, шетелдік тәжірибеге де көз жүгіртсек.

-      АҚШ 1995 жылдан бастап 19-ға дейінгі жастарға көмек беретін  Jump$tart Коалициясы жұмыс істейді.  Америкада өзге елдермен салыстырғанда қаржылық білім деңгейі әлдеқайда жоғары. Бұл жерде  бала 10 жасынан бастап банк карточкасына ие бола алады. Студенттерге кез-келген кеңес беруге дайын Қаржылық Орталық қызметі дайын. Әрбір жаспен индивидуалды тұрғыда жұмыс істейді,  қаржылық сұрақтарға жауап беретін телефон желілері жұмыс бар. Яғни, әрбір адам бала кезінен- ақ ақшамен жұмыс істеуге үйреніп өседі.

-      Ұлыбританияда үкімет ұйытқысымен құрылған (Money Advice Service) Ақша жөнідегі Кеңес Қызметі жұмыс істейді. Адамдарға ақша жөніндегі кез-келген сұрақтарға тегін жауап береді. Оның ішінде жас ата-аналарға, оқушыларға арнап қаржылық білім арттыру жөніндегі он-лайн өнімдер әзірленеді. Арнайы семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылған.

-      Бразилияда арнайы зерттеу жүргізілген кезде азаматтардың 82%-ы өз несиелерінің нақты пайызын білмеген, 87%-ында арнайы жинақ болмаған немесе өте аз көлемде ғана жиналған. Тез арада бұл проблемаға мемлекеттік деңгейде мән берілді. Дәл қазір елде  ENEF немесе Қаржылық Білім берудің Сапасын Арттыру жөніндегі Ұлттық Стратегия жұмыс істейді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі азаматтардың арнайы категориясын ғана емес барша халықты қамтиды. Дегенмен да жастарды сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінген. Мультимедиялық бағдарламалар мен оқулықтар шығарылып, шәкірттердің деңгейіне сай бағдарлама әзірленуде. Алдағы уақытта бұл бағдарлама 58 млн қатысуышыны қамтымақ.

-      Сондай-ақ Қытайда да CIEFR яғни Оқушылар арасындағы Қаржылы Білімді Дамыту бағдарламасы жұмыс істейді. Аталған бағдарлама оқушылар мен студенттерге білім беретін несиелерді алуға, қаржылық мәдениетті арттыруға көмек береді.  

Байқалғандай, аталған идеяны жүзеге асыруда жастардың мүддесіне көбірек мән берілген. Қазір кез-келген ақпараттың көзі-ғаламторда. Ал біздің елімізде «ғаламтордың поездынан мықтап орын алушы» да Тәуелсіздікпен тұстас келген ұрпақ. «Мемлекет болашағы жастарда» деген ұстанымды тағы да ескерсек,  ақшамен дос болуды үйретуде де жастарға  аса мән берілуі керек.  

Қаржылық сауаттылықты арттыру «Қазақстандағы Корей жылы» деген тәрізді бір жылдық мерекелік іс-шара емес. Бірнеше жылдарға созылатын ауқымды процесс. Мемлекеттік деңгейде қарастырылуы да осы себептен.
Ресейлік зерттеушілер 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан кейін қаржылық білімге деген қажеттілік өсе түскен және дәл осы уақыттарда азаматтарды көпшілігі қаржылық сауаттылығы біршама жақсарды деп есептеген.  Күні кеше жалған смс-тердің негізінде болған шу халқымыздың ақпарат көздеріне деген сенімінің қаншалықты екендігін  байқатты. Дәл осындай жағдайларға дайын болу үшін де мықты қорғаныс болу керек. Каспий банк басқарма төрағасы Михайл Ломтадзе айтқандай  «Мықты банк секторынсыз мықты экономиканың болуы мүмкін емес. Ал сауатты тұтынушысыз тұрақты банк жүйесі болуы тағы да мүмкін емес».

 Төменде басқа елдердегі қаржылық білімге арналған интернет-ресурстар тізімі:

 · http://www.financial-education.org/ (Портал от ОЭСР)

· http://www.fsa.gov.uk/ (Великобритания)

· https://www.moneysmart.gov.au/ (Австралия)

· http://www.jumpstart.org/ (США)

· http://www.bcb.gov.br/?PEF-BC (Бразилия)

· http://www.ciefr.pku.edu.cn/ (Китай)

· http://www.bundesfinanzministerium.de/ (Германия)

· http://www.amf-france.org/ (Франция)