Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Айналамыздан сыйлық алайық, айналамызға сыйлы болайық.

Айналамыздан сыйлық алайық, айналамызға сыйлы болайық.

Айналамыздан сыйлық алайық, айналамызға сыйлы болайық.

Эстафетаның таяғын табыстаған Нұр Бек бауырды алғыстаймын. Сыйлық тақырыбы қызық қой негізі:)

Қандай сыйлықтан бас тартар едіңіз?

Әрине, сыйлықтың бәрі жақсы:) Дей тұрғанмен, бір күні бір Таиландтық "жігіт" келіп "мен саған жүрегімді сыйлаймын" деп тұрса бас тартпақ түгілі, әлгінің басынан жұдырықтап тұрып, тартеееп-тартып жіберетін едім.

Сізге ұнайтын кәдесыйлар

Заттай берілген, қарапайым, естелікке жақсы сақталатын, мүмкіндік болса қолдануға жарамды болатын сыйлықтар ұнайды. Негізі, блокноттарды жақсы көремін. Бітіру кешінде мұғалімім сыйлаған блокнот, бірінші курста бір сұлу сыйлаған блокноттардың іші естелік және "авторлық суреттермен" толып қалса да үйде сақтап қойғанмын. Бірақ, қазір сол блокноттардың қажеттілігі болмай жүр. Дамыған техника заманын айтам да:)

Өміріңізде есте қалған сый

5-6 сынып оқып жүргенде Театрда істедім. Нұрлыбек деген ағам профессионалды диктофон сыйлаған еді. Ал, мен сол бойы журналист болмай кеттім:)

Жақсы бір досым, Сириядан келген кезінде алтын жалатылған Құран Кәрім сыйлаған еді. Әке-шешемнің үйіне апарып қойдым.

Мектепте оқып жүргенде өөөте жақсы дос қызым болды. Сол досымның сыйлықтары таусылмайтын еді:) Мен де оны қарап отырғам жоқ қой, енді. Мектеп ауласынан талай гүлдердің басы қиылып, әлгі қыздың жастығының үстінде жататын кездер еді ғой, шіркін:)

Көп қой, әр сыйлық өзгеше есте қалады:)

Сізді жалықтырған кәдесыйлар

Қай сыйлық жалықтырады дейсіз?! Бастауыш кезде әр Жаңа Жылда біркелкі берілетін сыйлықтардан жалығатынмын.

 

Кешелі бері отырып Өкіл Әке (Godfather) фильмін қайта қарап шықтым. Түсінесіз бе, адамның өмірі толған сыйлық қой, негізі. Мен үшін әке-шешемнің мені өмірге әкелуі, атам мен апамның берген тәрбиесі, інілерімнің тентектіктері, қарындастарымның еркеліктерінен асқан қымбат сый жоқ. Ең асылы - Жаратушының әр секунд сайын жүрегіміздің бір рет қағысына мұрша беріп, әр сәтімізде өмір сыйлап жатқандығы емес пе достар?!

Мика? Осындасың ба? Эстафетаның таяқшасын қағып ал!

14
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 04 наурыз 2012, 17:24

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.