Қазақ қызына арнау

Қазақ қызына арнау
жеке
блог

Құлпырған қыр гүліндей қазақ қызы
Жүрекке жылу берген қазақ қызы
Келбеті тал бойына жарасатын
Сұлу ғой бұл әлемде қазақ қызы
Қара шаш белге жеткен қазақ қызы
Елжіретер ет-сүиегіңді айтқан сөзі
Тесіп өтер кеудеңді жай оғындай
Ботадай мөлдіреген қара көзі
Тәтті мінез,еркеліктен жаратылған
Қазақ қызы ғой өзіне тәнті қылған
Ибалық,тәлім тәрбие жиып бойға
Көріп өскен тәрбие анасынан
Бақыт сыйлап әр үйге қазақ қызы
Аяулы ана,келін ғой қазақ қызы
Арманына айналған боз баланын
Бақытты болсын әрдайым ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ