Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Гүл сыйлағым келеді...

Гүл сыйлағым келеді...

Гүл сыйлағым келеді...

Гүл десе есім кететіні несі осы... Таңертең жұмысқа кіріп келсем, үстелімде сондай әдемі қызғалдақтар тұр. Бар дүниені ұмытып, соларға қайта-қайта қараумен отырмын. Әріптес жігіттерге алғыс білдіремін! Мендегі гүлге деген махаббатты талай рет жазып едім ғой. Ендігісі артық болар...

Әлгі гүлдерді көргенде есіме бірден анам түсті. Сағынып жүрмін. Сосын оған биыл тағы да гүл сыйлай алмайтыным үшін жаным жабырқап сала берді. Төртінші жылды мен одан жырақта өткізіп отырмын. Дәл қазір автобусқа немесе поездға мініп, ауылға кетіп, анама 45 гүлді сыйлап келгім кеп отырғаны-ай. Одан кейін қатты құшақтап, "сені жанымдай жақсы көремін" деп айтқым келеді. Ал мен бұл сөзді оған әлі айтып көрмеппін. Ылғи да айтқым келетін. Бірақ, мына жердегі бір нәрсе жібермейді, жылап қалатындаймын немесе мамам маған күлетіндей. Әлде ұяламын ба...

Тағы да мектептегі кездерімді сағынып отырмын. Ақпанның аяғы болысымен, әпкем, мен, сіңілім үшеуміз тиын-тебен жинап, жетпегенін пападан сұрап сыйлық дайындай бастайтынбыз. Ол кездегі ақшамызға орамал, пудра, помада сияқты майда-шүйде нәрселер ғана келетін еді. (Ал қазір өзім самостоятельная болдым, бірақ әлі де оған гүл ұсынбаппын). Бірақ, сол кішкентай нәрсенің өзі мамамды қуантатын. Пластмасса, яғни, искусственный гүл алатынбыз. Кейде, жігіттердің берген гүлін әкеліп бере де салатын кездер болды. (Қазір соным үшін қатты ұяламын). Мама  жұмыстан наурыздың сегізі күні таңертең келетін. Біз түнімен есіктердің бәріне әдемі сөздер жазылған плакаттар мен  суреттер ілеміз, демалыс күні әншейінде түске дейін ұйықтайтын біздер таң атпастан тұрып, үй жинайтынбыз (сол кездегідей таза үйді әлі көрмеппін), түнде улап-шулап жүріп пирог анау-мынау пісіретінбіз. Мама үйге кірген соң, үшеуміз сыйлықтарымызды алып, хорымен құттықтау айтатынбыз. Сосын тәттілермен шәй ішетінбіз. Бәрін, бәрін сағынып отырмын. Алдыңғы жылдары мұндай көңіл-күй болмаушы еді, есейген сайын ананың қадірін білген үстіне біле түседі екенсің. Қазір бұрынғыдан екі есе сағынамын, екі есе жақсы көремін.

Айтайын дегенім, мереке күні аналарыңыз жандарыңызда болса, гүлге "көміңіздерші". Олар әлемнің бар гүліне лайықты. Оны еркелетіңіздер, қыдыртыңыздар, ең қымбат сыйлықтарды тарту етіңіздер. Қазір ол бар ғой, тірі. Ертең жоқ болғанда, гүл сыйлайтын адам да таба алмай сенделесіздер.

Мама, жүрегім менің, мерекеңмен! Сені жанымнан да артық жақсы көремін! Аман болшы!

Былтырғы жылғы құттықтау: Наурыздың сегізіндегі сегіз сезім

8
Рейтинг: +9

Жазылған уақыты: 07 наурыз 2014, 12:15
Тегтер: мама, ана, 8 наурыз мерекесі, гүл сыйлау, гүл беру, құттықтау

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->