Ол көктем оралмайды

Ол көктем оралмайды
жеке
блог

Былтырғы көктем, есіңде ме, 8 наурызға маған ұялы телефон сыйладың. Ол кезде менің телефоным сынып, сенімен дұрыс сөйлесе алмай жүр едім. Телефонды ұсындың да, енді 24 сағат бойы сенің даусыңды естіп жүрейінші дедің. Қуанышымда шек жоқ! Сол күні шкафымдағы ең сәнді көйлегімді киіп, жеңіл киініп шыққан едім, бәрі саған ұнау үшін ғой сол. Екеуміз саябақта қыдырамыз деп мен әбден қатып қалдым. Мұрнымнан су аға бастады, бұдан мен қысылып, саған айта алмай келе жаттым. Қолымның қатып қалғанын сезіп, мойныңнан шарфты шешіп, қолымды орап қойдың. Бұл күлкінішті көрініске екеуміз де сықылықтай күлеміз.

Басында бір жерге шақыруына да болады ғой деп іштей ренжіген едім, бірақ сен маған ұялы телефонға ақша жұмсап, бір жерге апаруға да жағдайын болмағанын кейін түсіндім. Сол саябақтағы қыдырыс мәңгілікке жоқ боларын осы күні білсем-ші...

Сен Алматыға кетемін дегенде жылағаным есімде. Неге жылайсың, мен мәңгілікке кетіп бара жатқан жоқпын ғой, келіп тұрамын дегенсің. Біраз жұбатқандай болдың, бірақ сол Алматы сені менен ұрлап кетті. Алматы сені баурап алды. Ал мен сол оралмайтын көктемді аңсап қалдым...

Иә, ол көктем оралмайды... Оралмайды.