Қилы-қилы қызықтар

Қилы-қилы қызықтар
жеке
блог

Төрт аяқтының ең жүйрігі - гепард. Сағатына 100 километр жортып, 120-130 километр жылдамдықпен жүгіре алады.

Құрлықтағы жануарлардың ең алысқа жүргіші - ақ аю. Оны теңіз жағалауынан 600 километр қашықтықтан көргендер болған.

Кенгуру бір қарғығанда 13,5 метрге секіреді, жерден 3,5 метрдей жоғары көтеріледі.

Ең терісі қалың аң-бегемот. Терісінің қалыңдығы 2,5 сантиметрге жетеді. Піл терісінің қалыңдығы-1,8 см, ал мүйізтұмсықтікі 2 см.

Ең мақау жануар-керік (жираф). Ол ешбір үн шығармайды.

Ең майлы сүт-киттің сүті (майлылығы 50%) және түленде (43%).

Ең сусамыр жануар-түйе. Бір түйенің бірнеше сағатта 186 литр су ішкені  туралы аңыздар бар.

Құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі. Алты тонналық алыптың биіктігі 3,5  метр, ұзын тұрқы 4,5 метрге жетеді.

Ең ірі жануар-кит. Бұлардың ішінде, әсіресе, көк кит. Киттің ұзындығы 33 метр, салмағы 120 тоннадай.

Ең ұзақ жасайтын құс-қарға мен какаду. Олар 100 жылдан аса тіршілік  етеді. Ең жылдам жүзетін құс-пингвин. Су астында сағатына 30 километр жылдамдықпен жүзеді.

Анабас-балық. Үнділер анабас деп атайтын балық ағашқа шығып, бір апта бойы құрлықта жүре алады екен.

Масалар Жер бетінде кем дегенде бұдан 50 млн жыл бұрын пайда болды деп есептеледі екен. Қазір оның 2700-ге жуық түрі бар көрінеді.

Ең кішкентай өрмекші 1984 жылы Панама орманынан табылды. Оның ұзындығы 0,8 мм.

Өрмекшінің өрмегі-жіп атаулының ең жіңішкесі және ең мықтысы. Егер осы өрмекпен экватор бойымен Жер шарын түгел орап шықса, оған кеткен жіптің салмағы не бары 340 гр болар еді.

Қаз бен үйрек 110 градус суыққа дейін шыдай алады.

Дүниедегі ең кішкентай құс-колибри деп аталады. Салмағы 2 гр, ұзындығы 5 см.

Тасбақа жылдың тоғыз айын ұйқымен өткізеді.

Шымшық сағатына 70-80 км ұшқанымен, самғап кетсе 320 км-ге дейін жылдамдық ала алады.

Сары шымшық 22-ге дейін жұмыртқа салады.

Шыбын қанатын сағатына 57 мың рет қағады екен.

Бір күн ішінде адам бойы сан рет құбылады. Мысалы, таңертең ертемен біршама ұзын болса, кешке қарай 1-2 см аласаруы да мүмкін.

Адам организміндегі суға бай дене мүшесі-көздің шыны қабығы, оның 99%-ы су да, ал тістің эмалындағы су мөлшері не бары 0,2 пайыз ғана.

Салмағы 70 кг ересек адамның денесіндегі заттың жартысы шамамен 40 кг-дай су екен.

Қасқырдың көздері кезекпен демалады, бірі жұмылса, екіншісі қарауылдайды.

Горилла бірден 13 сағат ұйықтайды.

Құстар арасында ең үлкен ұя-бүркіттің ұясы.

Жолбарыс қарны тойғаннан кейін ұзақ және қатты, кейбір кезде бір күннен де көбірек ұйықтайды. Сонымен бірге тиын 14 сағат, дельфин 10 сағат, маймыл 9 сағат, жылқы 3 сағат, ит 10 сағат,  мысық 12 сағат, тышқан 13 сағат және керік 2 сағат ұйықтайды екен.Керіктің бойы ғана емес, тілі де ұзын. Тілінің ұзындығы 60 см.

Адамда 32, аюда 40, ал дельфинде 96 тіс бар екен. Бірақ тамақты дельфиндер шайнамай жұтады.

Ең бақырауық жануар-қолтырауын. Одан соң бегемот, үшінші орында арыстан тұрады екен.