" Махаббат қызық мол жылдар" романындағы 30 қыздың арасында жалғыз ұл оқитын студент жігіт Ерболдың тағдыры естеріңізде ме? Қаншама жылдар өткеннен соң дәл сол тағдыр дәл сол ҚазҰУ- дың филология факультетінде қайталануда! Ерболдың тағдырын қайталаушы жігіттің есімі - Смадияров Бекзат. Менің топтасым. Тобымызда жиырма екі қыз бен жалғыз ұлымыз бар.Бүгін сіздереге Бекзаттың осы орайда жазылған жыр шумақтарын жолдағым келеді.
22 гүл, 1 арам шөп
Өзі тәтті, көрмегі бар саз у-дың,
Сырын іздеп, өлеңдетіп жазудың.
Филфагының сұлулары көп қой деп,
Студенті атандық міне,ҚазҰУ - дың.
Бөлмеге кіргеннен жалтырап,
Жабылады жамырай хал сұрап,
22 жұмыр бас көздердің 44- ін көргенде
Тұтығып қаламын қалтырап.
22 сұлуға қайтсе де ер тірек,
Мен келем тұлымы желбіреп.
Бәрінің күйеуі соғыстан келгендей
Мен білем, қуанып қалады келді деп.
Бәрі де әдемі, қыпша бел, майда ерін,
Бірінен - бірі өткен әй, керім!
22 тұсымнан 22 сұлуды көргенде
Жұмыр бас айналып, білмеймін қайтерім.
Құрғыр- ай, бұл жүрек шыншыл -ақ
Біреуі бетімнен шымшылап.
Ал бірі көз қысып жымыңдап,
Еркелеп шығады қыңсылап.
Көргенде 22 хор қызын
Маңдайдан шығады сор тұзым.
Құшаққа ап аймалау орнына
Тежеліп қалады тормызым.
Бұрында бұйырмас екісімен
Ауылда, қиырда шекісіп ем.
Екі гүл, ауылда қалды да
Табыстым жиырма екісімен.
Қайтейін болмасқа шарам жоқ,
Сезімім сан - саққа тарам боп.
Алматы, ҚазҰУ- дың төрінде
Мен жүрмін 22 гүл, 1 арам шөп...
Бізге әлеуметтік желілерде де қосыл
Instagram Вконтакте Facebook Twitter