«31 арна» «Два отца и сына» атты жаңа комедиялық телехикаяны тамашалауға шақырады

«31 арна» «Два отца и сына» атты жаңа комедиялық телехикаяны тамашалауға шақырады
жеке
блог

Павел Гуров (Дмитрий Нагиев) – жемісті актер, қыздарды, виски мен сигарды (әуесқой) жақсы көреді. Бұлардың бәрі, әсіресе біріншісі Гуров үшін ауадай қажет. Отбасын құру, бір қызбен ұзақ уақыт кездесу Гуровқа тән әрекет емес. бір Кездері Павел Брянскіге әйелі мен баласын тастап, мансап қуып Мәскеуден бір-ақ шыққан екен.


Одан бері 20 жыл өтеді. Гуровтың ер жетіп қалған ұлы Виктор (Максим Студеновский) ұлы Владты ертіп алып (Илья Костюков), кездейсоқ әкесінің үйіне тап болады. Виктор Первопристольныйға қашып кеткен әйелі Аняның (Виктория Лукина) соңынан қуып келген болып шығады. Әкесінің пәтері алғашында ол үшін әдеттегі уақытша мекен ететін орын сияқты көрінеді. Бірақ, бір күннен, екі күннен, тіпті бір аптадан кейін Аня күйеуіне қайтып оралмайды. Сол кезде Гуров туыстарының бұл үйге ұзақ уақытқа келгенін түсініп, төбе шашы тік тұрады.

Гуровтар отбасының үш ұрпағы бір пәтерде қалай өмір сүріп жатыр деп ойлайсыз?

«31 арнадағы» комедиялық «Два отча и сына» телехикаясын көруге шақырамыз.

Тұсаукесер 3 наурыз, сағат 19.00-де!