Көктем тек қуаныш, бақыт әкелсін бауырлар

Көктем тек қуаныш, бақыт әкелсін бауырлар
жеке
блог

Қайырлы күн мұсылман бауырлар !!! Көзді-ашып жұмғанша көктем де келді, қысты аман-есен өткізгенімізге Аллаға шүкір, Көктем баршаңызға тек жақсылық әкелсін , бір өкініштісі Оңтүстік Қазақстанда орын алған келеңсіз жағдай, бірақ бәрі де жақсы болар Алла бұйыртса, су тасып жатқан ауылдың тұрғындарына Алла шыдам берсін, бәрі де жақсы болады, жаңа үйге отбасыларымен көшеді деп сенейік. Қазіргі менің ойымдағы ол - ҰБТ, қатты қорқып жүрмін, ұйқым қашып жүр деп айтпай-ақ қояйын, бірақ қатты ойландырады, бірінші Аллаға, екінші өзімнің біліміме сенемін, ең бірінші -сабыр дейді ғой, өзім сабырлымын , қатты айқайалап,дірілдеп,талып қалу деген сияқты қасиеттер бойымда жоқ, бірақ ҰБТ тапсырар күні не боларын бір Құдай біледі, бірақ бір жақсысы-анам дәрігер-невропатолог , сондықтан болар көп қызбаланып, ашуланбаймын , бір қалыпты жүремін, бірақ мектепте достармен бірге қалжындап, күліп-ойнап кетеміз , ҰБТ жайында қалады, өміріміз бал болып кеткендей болады, достармен отырып қалжындап күлген кезде, ең бастысы : ҰБТ-ның кесірінен ешкім зардап шегіп , қорқынышты жайттар орын алмаса екен, Бір Алла қолдап барлық жас түлектер жақсы бал алсын , Қазақстанның болашағы жастар дейміз, жастарымыз иманды, мейірімді, тәртіпті, көзі ашық, көкірегі ояу болса екен. Және де Алла Тағаланың саған деген мейірімін көргің келсе ата-анаңа қара дейді ғой, ата-анамызды силайық , ата-ананың разылығы Алланың разылығы, әзірге анамның қас-қабағына қарап отырамын, бірақ кейде ренжітіп алып жатамын, артынан өкініп жатамын. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын , Алла түрлі табиғат аппаттарынан сақтасын, Қасиетті Жұма қабыл болсын !!!