Электрондық цифрлық қолтаңба

Электрондық цифрлық қолтаңба
жеке
блог

Кішкентай кезімде таң ертең сағат жетіде сиыр кезекке қосып, қайтарда дүкеннің алдынан өтіп бара жатқанда күнде бір кісі тұратын. Ол кісі сағат тоғызда келетін нанның кезегінде тұратын. Мен ол кісіден кейін кезегімді алып тоғызға дейін үйге шай ішіп келуге кететінмін. Екінші болсам да сағат тоғызда нанды қырлысып жатып әрең алатынмын. Кейде адамдардың арасында қысылып , басымды жоғары көтеріп қана ауа жұтатын кездерім де болған. Міне сол уақыттан бері мен кезекке тұру және толық қатыдарды жек көремін!

Кезекті жек көретіндігімнен ,  оған қоса қайта қайта ХҚКО  барғым келмейтін еріншектігімді ескеріп жақын жердегі ХҚКО барып ,«ХҚКО электрондық үкімет» бұрышына келсем -КЕЗЕК! Бірақ кезек екі адамнан тұрады екен )). Жұмағалиев молодец екенсің деп ойлап үлгергемін сол еді, ЭЦҚ беретін қыз флэшка немесе дискіңіз болмаса ЭЦҚ бере алмаймын деді )), ХҚКО  айналып жүріп бір дүкеннен диск сатып алып, алдым әйтеуір.

«Елбасымыздың сындарлы саясаты»  анау мынау  деп өтірік мақтамай ақ қояйын , бірақ  Жұмағалиевке рахмет))