Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Арманымдағы ай))

Арманымдағы ай))

Арманымдағы ай))

Жаман ойлап кеттіңіз ба, ешқандай бал айы емес, нууу жай ғана тәп-тәтті ай деп айтайық.  Себебі, қыстың қақаған аязды күндері қылығы сондай тәтті балалармен бірге өтті. Өткен айдың ортасында университтеттен педагогикалық практикаға жіберген болатын. Менің жай емес, жақсы ұстаз болғым келетінін тұрақты оқырмандар, жақын таныстарым біледі деп ойлаймын. Сондықтан соңғы айдың мен үшін маңызы зор болды. Екі ай бұрын киімдерімді тағайындап, арнайы кітаптар оқып қатты дайындалған едім, уақыт зымырап өте шықты. Енді бүгінгі жазбам мектеп қабырғасындағы күндер туралы....

***

Бүгін көңіл-күйім Алматының ауа-райындай болып отыр. Жылағым да, қуанғым келеді: қоштасу қашан да қиын ғой... Ал мына хаттар екі езуімді талдырды. Негізі, бәріне кінәлі өзімнің сезімталдығым мен не болса соны жүрекке жақын алатындығым, әйтпесе бәрі жақсы. Бүгін олар қоштасу күні деп ыстық ниет пен тілекке толы хаттар жазып әкеліпті, ал мен естелік сыйлықтарын тараттым, сонымен екі жаққа тарастық. Жүрегімнің жартысы мектепте қалып қойғандай... Қатты бауыр басып қалыппын, өткендегі аязды күндері таңғы алты жарымда тұрып, қайта ұйықтап қалғым келетін, мені тұрғызатын соларға деген құштарлық, бірнәрсе үйретсем деген талпыныс, мені күтеді ғой деген ой болды. Ішкі сезімдерім туралы жаза берсең, тауыса алмайсың, одан да мектеп қабырғасында түйгендерімді баяндайын:

 

Біздің мектептерде таза матриархат орнаған екен. Директор да, завучта, мұғалім де, техничка да, дворник те – бәрі, бәрі әйел адамдар. Жігіттеріміз ұсақталып кетті, анау-мынау деп айып тағамыз. Тәрбиенің басында кілең әйел адамдар отырса, сондай нәзік мінезді қалай жұқтырмайды? Сыныптарында да қыздардың сөзі жүретін сияқты))) Әйтеуір, ұл балалардың қыздармен ұрсысудан қолдары тимейді. Барынша, дұрыс еместігін айтып тырыстым, бірақ, олар қалыптасып қойған сияқты. Мектепке ер азаматтың тәрбиесі керек, ал олар әйелдер сияқты төмен жалақыға жұмыс істемейді, яғни, бәрі де сол баяғы айлыққа келіп тіреліп отыр...

***

Біз баратын мектепке кірген кезде: "Мұғалім – мектептің жүрегі" деген сөз оқисың. Тіпті, әрбір сыныпқа осындай сөздер ілінген екен. Құдай-ау, қалай тура айтылған?! Енді, мына жерде бұл сөздің мағынасын түсіндіріп жату артықтық қой. Мұғалімдерден көңілім қалды. Ешбірі, мойындарындағы жауапкершілікті сезінбейтін сияқты, әлде жүйкелері тозған, жалыққан, шаршаған ба екен? Оқушы жай ғана бірнәрсенің сұрай қалса, бетіне баж етеді. Ана байқұс қайтсін, түсінбесе де түсінгенсіп қайтады, ертесіне сұрақтарға жауап бере алмайды. Нәтижесінде, нашар оқитын бала қалыптасады. Оқушылар мейірімге зәру ғой. Олар сондай қорғансыз, сондай бейкүнә. Жай сөзді бәрі де түсінеді. Басында 6-сыныптың сабағына қатысып жүрдім, апайы сабақ басталғаннан мал қайырып жатқандай айқайлайтын да жататын, кейін сол сыныпты маған берді, алғашқы күні-ақ, ешкімге айқайлағым келмейтінін айтып, бәрін, бәрін жылы сөздермен түсіндірдім, айқайлағаным, балағаттағаным мынадай болады, өздерің таңдаңдар деп көрсеттім де). Содан ай бойы ешкімге дауыс көтермедім, олар да тыныш, мен де тыныш. Мұғалімдердің тағы бір кемшілігі, оқушыларды басынан жақсы оқиды, жаман оқиды деп бөліп тастайды. Олай емес қой, тартсаң, күшіңді салсаң, баланы оқытуға болады. Бір ұл болды, менің сабағымда өте белсенді, бәрін дұрыс орындайтын, бірақ, бесімді апай журналға қойдырмай, үшке түсіріп тастайды. Бүгін сол бала хатында жазыпты "сіз секілді мейірімді апайды ешқашан ұмытпаймын, маған бес қойдыңыз ғой" деп. Жанарымдағы жасты ұстап қала алмадым...

***

Ұрпақ мәселесі деп ұран көтереміз, мықты болсақ, мектептегі мұғалімді түзеу керек. Яғни, мектептің жүрегі түзу болса, басқасы да жақсы болады. Жалпы, ауылды жерде де сондай ғой, малдың соңында жүргендер немесе ҰБТ-дан аз бал жинағандар немесе қатыспағандар сырттай мұғалімнің дипломын алады да, бір малын беріп мектепке кіріп алады. Ал енді одан шыққан баланы ойлай беріңіз. Керісінше, ең білімді, ең үздік қана бала тәрбиесіне қатысса екен...

***

Бір жағынан бұрын маған сабақ берген мұғалімдерді түсіндім. Оңай емес екен. Бір кездердегі ойларым үшін ұялдым. Әлгі "Ата-ананың қадірін ата-ана болғанда ғана түсінесің" деген сөз бар емес пе? Сол сөзді де мұғалімдерге қатысты айтар едім. Оқушыны бағалау да өте қиын екеп. Әділетті болмай қалудан қатты қорқамын. Одан асқан қасірет жоқ шығар.

***

Диплом тақырыбым Алма Қыраубаева қатысты болғандықтан, ол кісі туралы көп оқыдым, қыздарға "Шіркіііін, сол кісі секілді жақсы ұстаз болсам ғой" дегенімде бәрі мазақ етіп күлетін. "Қайтесің, неблагодарный жұмыс қой, ақшасы да аз" дегендер де жоқ емес. Ол рас шығар. Бірақ, саған бір шәкіртің келіп, рақмет сізге апай деп басын иіп тұрса, ата-аналары алғыс айтса, біреуге пайдаң тисе одан артық қандай благодарность керек екен? Просто, лайық болу керек ұстаз деген атқа. Сонымен бітті.

***

"Мен мұғалім болғанда.." деген жоспарларым көп еді. Бірақ, дәстүрі әбден қалыптасып қалған, бірнеше жыл бір ізбен жүрген мектепке барып бір өзің ештеңе өзгерте алмайды екенсің. Соған көзім жетті. Соған қарағанда директор боламын-ау деймін иә?Cool(қалжың, қалжың)

***

Барамын. Бұйырса, мектепке барамын. Мектепте қалған жарты жүрегіме қайта оралуым керек. Тек қазір емес. Тәжірибе жинақтап, ақыл тоқтатқан соң ғана. (Кейде өзімнің олармен бірге бала болып кеткенімді байқап қаламын). Шынымен "Айгерім апай" деген атқа лайықты болғанда тақтаға қолым тиіп, сыныпта дауысым шығатын болады. Сол күнге жеткізсін деп тілейінші!

 

14
Рейтинг: +5

Жазылған уақыты: 19 ақпан 2014, 19:48
Тегтер: Қазіргі мектептердің жағдайы, мұғалім, оқушылар, ұрпақ тәрбиесі

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->