Көктем келді! Жындылар мен ақындар құтырады, қыздар құлпырады

Көктем келді! Жындылар мен ақындар құтырады, қыздар құлпырады
жеке
блог

Көктем келді! Бұл шақта қыздар құлпырып, жындылар мен ақындар құтырып бастайды. Алып Алматыда (әр жердегі қасат қар мен күн көзін жапқан тұманды есептемегенде) көктемнің алғашқы лебі есуде. Естуімізше, Астана - әлі қыстың қалың ортасында. Иә, онда көктем кеш келеді. Ондағы Марал Ағзам сияқты сұлу қыздардың өзінің жылуы жетіспей жатқан көрінеді қасат қардың жүрегін ерітуге. Алматының қызу қанды қыздары астындағы қарды еріте жүру үшін қысқа белдемше киіп жүр. Шіркін, Алатаудан ескен көктемнің самалы көкірекке нәр, жүрегімізге нұр, жүзімізге әр береді. Өлмеген құлға көктем де келіп жетті.