◤Серікқалиұлымын... ◣

◤Серікқалиұлымын...  ◣
жеке
блог

▃▃▃▃▃▃▃▃▃▃▃▃▃
◤ 
◣Серікқалиұлымын..
▃▃▃▃▃▃▃▃▃▃▃▃▃

Былдырлаған бала күнімнен-ақ бір сұрақты қатты ұнатушы ем. "Кімнің баласысың? " деп басымды сипағандардың бәріне "Папамның" деп шамырқана дөп басып айтатынмын. Сол сәттен-ақ артыңда тұрған тіреуіңнің барын сезініп мәз болатынымды айтшы. Бала жүрек сол кезден әкелік махаббатты түсініп тұрғаны ғой. Менің аяққа тұруыма себепкер - тек сізсіз ! Бойымды билеген күш-қайрат та тек сіздің қаныңызбен ...

Бүгін, әжемнің сізді туғанына дәл - 53 жылдың жүзі болыпты. Шын жүректен егіліп отырмын. Осындай қуанышты сәтіңізде жаныңыздан табыла алмайтыныма бір күрсінем кеп. Алтынсыз ғой, алтын! Көзіңіз, шашыңыз, мұрныңыз, ерніңіз,тіпті бойыңыз бен мінезіңіз де менің қазіргі келбетімнен айнымай көрінісін беруде. Рас, бақыттымын. Жаратушымның мені "Серікқали Жексенбаев" орнатқан дара ізіне салып бергеніне шын қуанамын. Шіркін-ай, сіздің жазу шеберлігіңізді маған бұйыртса екен . Әрбір "профессионалды" жазған жазбаларыңызды оқи отырып қатты шабыттанам.. "Үлгі-өнеге" деген сөздерді де тек сіздің тұлғаңызға ғана елестетем. Осыншалық Қазақиядағы абыройыңыздың артында ақ көңілді мінезіңіздің жатқанын мен айқын ұғам . Сіз сыйластыққа өте лайықты кісісіз! 

Мен де ересек өмірге сырғанап келем. Алла қаласа келініңіз бен менен аумай қалған немерелеріңіздің жүзімен қуантқым-ақ келеді. Анам екеуіңіздің екі дүние бақытына ие болуыңыз үшін әр намазымда дұға етемін. Аллахым тілегімді қабыл еткей! Жүз жасаңыз! Жәннаттан орын бұйырсын! Менің арманым сол. Тек сіздер аман болыңыздаршы! Туылған күніңізбен әке!