Ешкім естімеген, бірақ бәрі біледі
жеке
блог

Ешкім естімеген, бірақ бәрі біледі

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 
Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім? 
Адамның бір қызығы бала деген, 
Баланы оқытуды жек көрмедім. 
Баламды медресеге біл деп бердім, 
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. 

Абай атамыздың осынау насихатқа толы жыр жолдарын бүгінгінің оқымағандарының көбі керісінше түсінетін секілді. ОЛ қалай десеңіздер, төмендегі жыр жолына көз жүгіртіп көріңіздер:

Жасымда ғылым бар деп ескергенмін,
Бірақта, оны өзім тексермедім.
Сол құрғыр түспей кетті уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 
Қолымды дәп сермесем, өстер ме едім? 
"Адамның бір қызығы бала"-дейді, 
Баланы оқытуды жек көрмедім. 
Баламды медресеге біл деп емес, 
Қызмет қылсын, шен алсын деп бергенмін... 

Бүгінгі жастар, болашақ ата-ана, бүгінгі ата-ана болашақ ата-әже сондықтан өз ұрпағымыздың көзі ашық, көкірегі ояу болуын тілейтін болсақ, онда ұл-қыздарымызды сен прокурор (юрист, экономист, банкир т.с.с) боласың деп емес, кім болғың келеді деп тәрбиелесек болашақ алдындағы борышымызды аз да болса орындар едік.