Жүрегім төңкерісті қалайды

Жүрегім төңкерісті қалайды
жеке
блог

Толдым 25-ке... өмірім кідірді
Үміт толы биік шыңға көтерілу жолымда
Өз орнымды табу барысында.
Уақыт келіп, ес жидым,
Бұл өмір шынында еркектермен жаратылған
Қалай болғанда да...

Кей-кейде көзіме жас келеді,
Төсекке кеп, жастықпен жұптасқанда
Шығарып тастағым келеді
Басымдағы сан мыңдаған ойларды
Бұдан да өзімді бір қызық сезінемін.

Таңертең оянамын,
Далаға шығамын
Терең тыныстап
Бар даусыммен айқайлаймын:
"Не болып жатыр?"

Сұрағым: Э-э-э-э-э-й,
Не болып жатыр?

Сұрағым: Э-э-э-э-э-й,
Не болып жатыр?

Тырысамын, Құдай куә, тырысамын,
Бар жағдайда, барлық кезде тырысамын
Тәңірге сыйынамын,
Күн сайын жалынамын,
Бір төңкеріс болсыншы деп.

Кей-кейде көзіме жас келеді,
Төсекке кеп, жастықпен жұптасқанда
Шығарып тастағым келеді
Басымдағы сан мыңдаған ойларды
Бұдан да өзімді бір қызық сезінемін.

Таңертең оянамын,
Далаға шығамын
Терең тыныстап
Бар даусыммен айқайлаймын:
"Не болып жатыр?"

Сұрағым: Э-э-э-э-э-й,
Не болып жатыр?

Сұрағым: Э-э-э-э-э-й,
Не болып жатыр?

Толдым 25-ке... өмірім кідірді
Үміт толы биік шыңға көтерілу жолымда
Өз орнымды табу барысында.

Жақында ғана корей сериалы және мюзикл жайлы жазған едім. Сол сериалдың соңғы эпизодтарында осы ән айтылады. Корейлердің сонау өткен шақта айтылып, ұмытылып кеткен әндерді қайта шығарып, жаңа дем беретін тұстары қатты ұнайды. Шын айтсам, сол сериалды көрмесем, осы Non blondes тобының осы әнін қопармас едім, ұнатпас едім. Корейлердің шеберлігі жайлы ешкім менімен дауласа қоймас.

Осы әнді аудару барысында жанымда отырған, тәжірибеден өтіп жүрген Әйгерім деген қыз "Бұл сонда, 25-ке келіп, күйеуге шыға алмаған қыз жайында ма?" деп сұрақ қойды. )) Міне, қазақ менталитеті, жалаң түрде, бәлкім ащы шындық та шығар. Дәл қазір мен өзіме төңкеріс қаламаймын, бірақ мұндай сәттер әрбір қыздың басынан өтеді деп ойлаймын. Тек қыздардың ғана емес, жігіттердің де. Жүрегің төңкерісті қалайды, көбіне көп махаббатты қалайды... Сол төңкерісті көктем алып келсін.

P.S. "What's up" дорамасын аударатын болдық. Болашақта сапалы да, қызықты дорамамен қуантамыз деген үміттемін.