Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Сыйлықтар жайлы сыр

Сыйлықтар жайлы сыр

Сыйлықтар жайлы сыр

Сонымен, бастадым!

Мен нендей нәрселерді сыйға тартқанды жек көремін осы? Біреу маған мынаны сыйла деп шарт қоймайтындықтан, бәрі өз еркімде болғасын, ондай нәрселер жоқ. Кейде ұжым болып біреуге сый берерде таңдалған нәрсенің орнына мен басқа нәрсе беруші едім деген ой кеп-кетіп тұруы кездеседі.

Ал, енді қай сыйлықтан бас тартар едім? Мммм, маған осы жақын уақыттарда сыйлық жасағысы келгендер тәтті атаулыларды, жақын арада мезгілі өтіп кететін заттарды, майда-майда сувенирлерді (шаңын сүрту қиын :)), свечи және түсініксіз картиналарды сыйламаса дейтін едім. Бірақ, енді беріп тұрса алмаймын демейсің ғой. Сондықтан бәрін аламын. Жалпы бас тарту болмайды менде)

Келесі сұрақ маған ұнайтын кәдесыйлар жайлы екен. Оооооооо, жақсы сұрақ! Ең бастысы – күтпеген жерден жасалған сыйлық. Қандай және кімнен болмасын. Мейлі, ол даяшы сыйлаған салфеткадан жасалған гүл болсын, мейлі кішкентай балапандардың бөліп берген шоколады болсын..) Бәрінен де бұрын маған деп арнайы жасалған сыйларды тарту етсе деп ойлаймын. Оның  анық не екенін сыйлаушының фантазиясына қалдырар едім. Өз қолынан жасау келмесе де мүмкін жәй атып алып, есімімді жазып сыйлар.. Жақында осы жерде бір блогта суретші қыздың суретін салған екен, пікірімді қалдырғам, мен де осындайдан бас тартпас едім деп. Бұлардан кейінгілері: алма, бірақ жейтін емес :). Бір емес ондаған букеттер алғым келер еді бірден. «Миллион, миллион алых роз» - деп әндетілгендей), аксессуарлар (сөмке, белдік және т.с.с), алтыннан жасалған әшекейлер... Осылай тізіліп кете береді тізе берсең. Тойымсызбын ба деп те қалдым ғой оқып отырып..

Өмірімдегі есте қалған сыйға келер болсақ, олар бірталай. Бірнешеуіне тоқтала кетейін. Менің ес білмейтін кезімде сыйланған тоқылдағы бар қабырға сағаты. Ата-анамның достары сыйлапты. Көпке дейін бөлмемді безендіріп тұрды.

Папам (атам) арнап өз қолымен жазған батасы. Ламинаттап, сақтап қойғанмын.

Мектепте бір жігіт не берерін білмеді ме, бірден бірнеше зат бергені есімде. Өйткені санына қарап таңқалғанмын. Әр-түрлі заттар. Біреуі болмаса, біреуі ұнар десе керек.

Одан соң бөлемнің, 2004 жылы жаңылыспасам, Түркия еліне әперген жолдамасы есімде қалыпты. Себебі, шетелге алғаш сапарым болды. Демек ол – талай әдемі әсерлер арқалап қайттым деген сөз. Екінші бір бөлем үнемі қолсағат сыйлайтын. Қазір қойып кетті.

2010-ның күзінде інім сыйлаған көлік те өмірімде есте қалатын сый болмақ. Қазірге дейін ауыстыруға көңілім қимай жүр. Кеше сатпайсың ба дейді өзі.

Жалпы туғандарың әрқашанда қандай сый көңіліңнен шығатынын білетіндер ғой. Ата-ананың саған сыйлаған өмірден бастап, барлық сыйы жаныңа жылы, есте қаларлық. Олар саған қажет болатын заттарды сыйлайды. Олар кейде қымбат заттар, кейде жәй ғана шұлық болуы мүмкін. Басқа туғандарым да солай. Соңғыларын атап өтсем, әкем жіберген сигнализация, анамның жібергені – кофта. Киім берген болса міндетті түрде жараса кетеді.

Осындағы біраз адамдар музарттық жанкүйер екенімді білесіздер. «Әттең-ай» деген үнтаспалары жарық көргенде, шынайы жанкүйерлерінің бірі деп есептеп екі үнтаспаны өзім әлі көрмедім де, үйге әкеп тастапты бүгін деп телефон арқылы бір інісінен Сәкен аға өзі беріп жібергені өз алдына бір мереке болған. Сол туралы қазір сұрап көру ойымда болмапты есіңізде ме деп. Осы эстафета сондай ой салды :) 

Айтпақшы жұмыста берген доллар-сертификат та біразға дейін ұмытылмайды. Өйткені жұмыс столымда тұрады және ортасындағы суретте бас директорымыз. Талпындыру мақсатында (суреттерді қалай қосуды ұмытып қалыппын, еске түсіруге уақыт тығыз боп тұр, айып етпеңіздер. Жол жүретіндіктен бүгін жазып кетуді ұйғарған жайым бар. Әйтпесе созылып кетеді) 

Бірнешеуін айтам деп ұзағынан кеткен сияқтымын. Жаза берсең есіңе өзі түсе береді екен. Қалғанын ой елегінен ұйқыға жатқаннан соң бір өткізіп алармын эстафета бастаушылар мен ұсынушылар арқасында :)

Жалықтырған кәдесыйлардың басын сол қораптағы кәмпиттер бастайтын шығар. Жұмыста бізде сондай үрдіс бар. Басқа бөлімдегі әріптестер сыйлағыш-ақ.  Бас ауыртпай гүлге қосып бере салады. Туған күніңде кәмпит дүкенін тонаған адам құсап қайтасың))) Есесіне біз де сөйте салатын кездеріміз болады. Қазекемнің той-томалақтағы қыдырып жүретін шапандары сияқты. Негізі туыс,таныстарға барсақ та солай ғой.

Сосынғылары дүкендердегі мереке қарсаңында жасап қоятын түрлі шампунь, крем сияқтылардың құрамасы, сүлгілер. Басқаларын ұмытып қалыппын.

Осылай біраз дүниелерді еске түсіріп, саралап шығуға мүмкіндік берген Айжанға ризашылығымды білдіре отырып, кезекті Ғазизаға берем.

Назар қойып оқыған сіздерге де алғыс айтам!

4966 16
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 01 наурыз 2012, 00:50
Тегтер: сыйлықтар
Пікірлер
+0
01 наурыз 2012, 10:24

Күшті жазыпсың! Маған ұсынған эстафета таяқшасы үшін үлкен рахмет. Сыйлықтарың көп болсын!

+0
05 наурыз 2012, 10:10

Айтқаның келсін!!!

+0
01 наурыз 2012, 10:34

сыйлықтарың күшті екен :)

+0
05 наурыз 2012, 10:11

:) Өзім де солай ойлаймын.

+0
01 наурыз 2012, 10:41

Тағдырдың өзі керемет сыйын аямасын!

+0
05 наурыз 2012, 10:12

Тілектестік білдіргеніңе мың алғыс! Солай болады деп сенмін!

+0
01 наурыз 2012, 11:46

Сыйлықтар толастамасын Марал, әсіресе машинаны сыйлыққа алған бақытты екенсіз))

+0
05 наурыз 2012, 10:13

Рахмет! Ия, ол да бақытты құрайтын сәттердің бірі!

+0
01 наурыз 2012, 12:11

Қолдан жасалған ерекше сыйлықтарды ұнатады екенсің, маған сыйлық көп алатын адамға ұқсайтын сияқтысың :)) \өміріңде алар сыйлығың көп болсын!

+0
05 наурыз 2012, 10:14

Рахмет, Айжан. Саған да соны тілеймін!

+0
01 наурыз 2012, 12:17

Мылжың болып кетіпті, сәл қысқа әрі нұсқа қылу керек ед!

+0
01 наурыз 2012, 12:41

))))))))))))))))))))) ащыыы

+0
05 наурыз 2012, 10:15

тұщы, тұщы)))

+0
05 наурыз 2012, 10:15

Ого, мені де мылжыңдарға қосатын сәт туыпты) 1-ші рет негізі) Ендігіде санасатын боламын ескертумен

+0
05 наурыз 2012, 10:32

Анау доллар рамканы көргіііп кеп тұрғаны )))

+0
05 наурыз 2012, 10:36

Пікір жазатын жерге сурет қалай қоюға болаынын үйретсең саламын ғой. Болмаса альбомыма қосармын :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев