whatsapp-тан келген хабарлама

whatsapp-тан келген хабарлама
жеке
блог

Кеше түнде футболдан келіп, шәй ішіп отырғам. Ватсаптан хабарлама келді "Маған звондаш" деген. Астанада тұратын досым екен.

- Ало, сәлем, қалың қалай?

- Онша емес.

Көңіл күйі жоқ. Дауысы сынық.

- Не болып қалды?

- Ауырып жатырмын. Қимылдауға шамам жоқ. Бүгін түннен аман қалсам қалдым, әйтпесе өлетін шығармын.

Қапелімде не дерімді білмей қалдым. Көңілін қалай ауласам болады екен деп әр нәрсені бір ойлап жатырмын. "Қасыңа ұшып барар едім, алыстасың" деп қоямын арасында. Неліктен көңіл күйі болмай жүргенін ақырындап сұрастыра бастадым. Содан кейін белгілі болды, оның бар проблемасы "бұл өмірде нармалный жігіт жоқ, Астанада тіпті таптырмайды екен." Ал, одан кейін қоржынның бауы шешіліп, әңгіме ақтарылып кетті. Жақсы жігіттер көп, немесе мынадай санаттағы жігітті ойыңмен қабылда деп қоямын арасында. Ол әңгімесінің тоқетерінде Криштиану Рональдодай жігіт керек деді . Мен "қой жерге түс, біз Қазақстандамыз" деп қоям. Очм, 2,5 сағаттай әңгіме қылдық. Соңында, "қалай, жедел жәрдем шақырамыз ба?" десем, айқайлап күледі. Өзінің ауруын ұмытып, дауысына жан бітіп, телепонда сөз бермей қойды.

пысы: НЛП іске асады екен)))))