Достар мен келдім!!!!!!!!!!!!

Достар мен келдім!!!!!!!!!!!!
жеке
блог

Армысыздар, барлықтарыңызда Массагет ауылында аман-есен бармысыздар!!!!!!!!!!!

Қалдарыңыз қалай достар??? Ия, сіздерден көп қол үзіп алдым. Енді араларыңызға қайтадан сағынғандықтан келіп отырмын. Бірақ әрине, мені әлеуметтік желілер арқылы Жансая, Мерей, Жанар, Есілдің еркесі, алтындарым, әскерге кеткен бауырым Мейрамбекте аман-саулығымды біліп тұрады. Сол сәтте, төбем көкке жеткендей болады. Мені іздейтінде жандар бар екен-ау деп қаламын. Әрине ол қуантады. Жақында Жансая сіңлім Гульфайруз әпке массагетке соқпай кеттіңіз ғой дегесін аман-сау екенімді білдіріп қояйын дегенмін. Сонымен қатар, Назерке Нұржанқызы сіңлімде мені іздеп, хал жағдайымды сұрап тұрады, бір-біріміз жаңалықтармен бөлісіп тұрамыз. Назерке ботам сүйгенінмен бақытты болуына шын жүректен тілектеспін. Сондықтан Назерке алтыным, бағың ашылсын жаным!!!  Сонымен қатар, инстаграмм желісі арқылы  Тау ұлының фотоларын көріп, жақын таныстым. Ең бастысы жұмбақ жанның бейнесін көрдім. Қазақтың қарапайым баласы екен. Танысқаныма өте қуанышты болдым. Сонымен қатар Анар Мұстафинаның фотоларында көріп тұрамын. Керемет! Қазіргі кезде, Массагетте сіңлі-інілеріміз өте көп екен, ол арине қуантады. Әрдайым өз пікірлерімен бөлісіп, керек кенестерді өзіне түйіп алып, ойларын айқын жеткізе білсе, онда болашақ жастарымыз Қазақ елінің білікті мамандары болатына сенімім зор. Жастарымыз уақыттарын осындай пайдалы дүниелерге жұмсаса деймін. Қазіргі кезде, кейде жұма, сенбі күндері кіп-кішкентай балақайларымыз компьютер клубтарында отырып, әр түрлі атыс-шабыс ойындарын ойнап, ойын барысында бір-бірлеріне жаман сөздер айтып жатқандарын көріп, жүрекке ауыр тиеді. Осының барлығы меніңше тәрбиеге байланысты. Сол компьютер клубына әкелетін сол балалардың ата-аналары ғой, артынан өсіп кеткеннен кейін балаларына ие бола алмай, әр түрлі оқыс оқиғаларға тап болады. Сол сәтте, ата-аналары өкініп, бәріде кеш болады. Сондықтан баланы жастан деген мақал осыдан қалған.

Қазіргі кезде, қоғамда өзекті мәселелер өте көп. Екіншісі тіл – мәселесі. Егерде қазақ болып туылса, неге өз тілдерін шұбарлап сөйлейді екен. Мен тіл мәселесіне келгенде жаным удай ашиды. Менен қазақ азамат не азаматша орысшалап бірдеме сұраса, мен міндетті түрде қазақша жауап берем. Өйткені ол басқа ұлт өкілі емес, ол қазақ. Ал қазақ ұлтының ана тілінде сөйлемеуі, енді тіптен ұят нәрсе. Күн сайын түнде ұйықтаған сәтте, бірінші – Қазақ елі аман болсын деп, екіншісі – ана тілімнің тұғыры биік болса екен деп Алладан дұға тілеймін. Ия достар айта берсең өзекті мәселелер өте көп қой. Жарайды қалғандарын келесігеде қалдырайын. Барлықтарыңызға үлкен рахмет! Келесі кездескенше достар!!!!! Барлықтарыңызды жақсы көремін!!!!!!!!!!!!!!!! Surprised